Алакөлге демалуға баратын болсаңыз, мына нәрселерді ескеріңіз! HD

06.05.2021
Шығыс Қазақстан облысы Алакөл жағалауындағы демалыс орындарының иелері ПТР тестке түбегейлі қарсылық танытып жатыр. Себебі, былтыр көлдің Шығыстағы жағалауына ковидке қатысты ПТР сынамасыз аттап бастырмағандықтан, туристер келмей қалған. Кәсіпкерлер қаулының кесірінен демалыс орнымызды күзетіп қана қайттық деп ашулы. Ал дәл осы Алакөлдің екінші жағалауы - Алматы облысында ПТР тест талап етілмейді. Бұл қолдан жасалған шектеу деген демалыс орындарының қожайындары бүгін қарсылықтарын білдірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысындағы бас санитар орынбасарының Алакөлге қатысты жақында айтқан сөзі. Дәл осы ПТР - ге қатысты талапты естіген демалыс орындарының қожайындары өре түрегелді. ГҮЛЖАНАТ ЖҰМАЙҚЫЗЫ, кәсіпкер: – ПЦР дегенді біз естімейтін болайық та, ПЦР-ін вообще алып тастасын. Егер ПЦР мен болса көлді вообще жауып тастасын. Құдай үшін халықты кішкене ойласыншы. Екі - ақ ай сезонда ойнап күліп жүрген жоқпыз. Сонда бұл күндестік пе, не нәрсе? Ал Өскенмендегі санитарлық дәрігерлер тоғыз күн бұрын брифингте ПТР - ге қатысты айтқан сөздерінен айнып шықты. Жиында жалпы жоспарды түсіндіргенбіз, нақты қаулы қабылданбады деді. АЛИН ҒАЛЫМБЕК, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: – Қазіргі уақытта ШҚО аумағында демалыс базаларын жазғы жұмыстары бойынша арнайы қаулы дайындалуда. ПЦР тест қажеттілігі әлі қарастырылуда. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші: – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауындағы тағы бір өзекті мәселенің бірі ол жағалауды су шайып жатыр. Қазір жағажайдағы кәсіпкерлер жағалаудың бойында орналасқан демалыс орындарын судан қорғап қалу үшін қолдан бөгет жасап әлекке түсіп жатыр. Олар мынандай темір-терсектерін қойып, тастарды жинап, цемент құйып бөгет жасаумен әлекке түсуде. Енді дәл осы бөгет мәселесіне үкіметтегілер кіріссе дейді мұндағылар. ЕРЖАН СҮТТІБАЕВ, кәсіпкер: – Жылда жағаны бекітуге бір зона отдыхтан 7-8 млн теңге кетеді. Бізге ешкім көңіл бөлмейді. Біз өз күшімізбен істейміз. Біздің зданиямызға екі-ақ метр расстояние қалды су. АБЫЛАЙ БАСИМОВ, кәсіпкер: – Вагондардың саны жетіспейді, вагондардың санын көбейтіп берсе. ЕЛЖАН ҮЙІСБКОВ, кәсіпкер: – Әр демалыс орындарының қойып алған септиктері бар. Олар толады. Комхоздан сорып үлгермейді. Сондықтан Алакөлде орталықтандырылған канализация жүйесі, ішкі жолдар, арық мәселесі жасалуы керек. Себебі, арық жасалмағандықтан демалыс орындардың арасындағы жолдар жер асты суының көтерілуіне байланысты осылай көлшікке айналып жатыр дейді, мұндағылар. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Алакөл #жазғы_демалыс #туризм #ПЦР #кәсіпкерлер

Похожие видео

Показать еще