ХАРАМ ! МҰСЫЛМАНДАР КӨРСІН ! Құрамында жәндіктен жасалған бояу бар азық-түліктер HD
Біз күнделікті азық-түлік аламыз. Және алған ет өнім халал болуына мән береміз Бірақ көбімізде сүт өнімдері, сусындар және кондитер өнімдерінің құрамы таза екенінде күмәніміз жоқ Алайда бұл қаншалықты шындық? Ал шындықты білу үшін кез келген азық-түліктің құрамына мән беруіміз керек Тағам қоспалардың ішінде харам болып келетіндері де бар. Кармин - мексикалық кошениль қоңызынан экстракциялау ақылы өндірілетін қызыл бояғыштың атауы. E120 таңбасымен белгілі. Шариғи үкімі Харам Ханафи Шафиғи Ханбали мәзхабы бойынша шегір кеден өзге барлық жәндіктер азық ретінде пайдалану харам болып саналады. Ал бұл харам болып саналатын бояу қандай азық-түлік және суындарда бар? Бұл сұраққа осы видеода жауап таба аласыз. Халал және харам жайлы сұрақтарға жауапты осы сайттан таба аласыз: https://halaldamu.kz/ Құран Кәрімде: Алла Тағаланың ұлы сөздері қасиетті Құран Кәрімде адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін айырып көрсеткен. Алла пендесі үшін нені халал десе, ол сырда қайыр мен хикмет бар, ал нені харам десе, онда адам ғұмыры үшін ұшан-теңіз зиянның бар екендігі күмәнсіз. Осы турасында "Бақара" сүресінің 168-аятында былай деп түсіндіреді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!», «Мәида» сүресінің 88-аятында: «Аллаһтың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» делінген. Арам ас жеу қасиетті Құранда – екі жүзді мұнапықтар мен кәпірлердің бір сипаты ретінде былай деп түсіндіріледі: «...олар өтірікті тыңдауға құмбыл және арам жеуге тым бейім» («Мәида» сүресі, 42-аят). Алла тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят) деген. Шариғат үкімі бойынша мұсылман баласы Алла бұйырған тағаммен қоректенуі керек. Өйткені, Құранда: «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды» делінген («Мәида» сүресі, 3-аят) Дұғаның қабыл болмауы Алла елшісі ﷺ түр-әлпеті лас бір кісінің қолын жайып: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!» - деп дұға етіп отырғанын көреді. Сол кезде: «Бұл кісінің жегені – арам, ішкені – арам, кигені – арам, араммен қоректеніп жүр. Енді мұның дұғасы қайдан қабыл болсын?», - деген. Бір күні Сағыд ибн Әбу Уаққас: «Уа, Аллаһ Елшісі! Менің әрбір дұғамның қабыл болуы үшін маған дұға етіңіз» деп өтінгенде, Пайғамбарымыз ﷺ: «Дұғаларыңның қабыл болғанын қаласаңдар, адал аспен қоректеніңдер. Кейбіреулер харам жейді, харам киеді. Сонан соң, көкке қолын жайып дұға етеді. Мұндай кісінің дұғасы қалай қабыл болсын?» деген екен. Даналықтың қайнары Құран мен ғұмырлық маңызы терең хадистер баянында Алланың асыл үкімдері мен адам өмірі тұрғысында адал астың маңыздылығын айқындай түседі. Олай болса, бүгін біз не ішіп, не жеп жүрміз, бала-шағамыздың аузына қандай ас салудамыз деген ой жадымыздан шықпағаны абзал. Ihsan.kz
Похожие видео
Показать еще