Екіжүзді депутаттар. Қазақ тілі. Арман Шораев HD
Жаңа экология министрін Нығматулин сынға алды Бүгін мәжілісте Каспий теңізін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі қаралды. Депутат Жанарбек Әшімжан баяндама жасаған жаңа министрге бірнеше сұрақ қойды және барлығына мемлекеттік тілде жауап беруді сұрады. Бірақ министр Брекешев өз ойын мемлекеттік тілде жеткізе алмайтынын айтты. "Сұрағыңызға рақмет, мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналамын. Қазақша білмегендіктен емес, өз ойымды толық жеткізу үшін орыс тілінде жауап берейін", – деді Брекешев. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология министріне ескерту жасады. "Сіз бізге бірінші рет келіп отырсыз, депутаттың қойған сұрағы да үлкен күрделі мәселе. Сіз парламентке келіп отырсыз. Сондықтан ендігіде қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беруіңіз керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшын тілін білесіз. Енді туған елде жүрсіз, оған қоса министрсіз, сондықтан қазақ тілінде сөйлеу керек. Келістік пе?" – деп сұрады Нығматулин. "Түсінікті, міндетте түрде", – деп жауап берді министр. Екіжүзді депутаттар. Қазақ тілі. Арман Шораев
Похожие видео
Показать еще