Қытайлық компанияға талап қойған мұнайшылар жұмыстан заңсыз қуылдық деп отыр HD
Ақтөбе облысында айлық өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан қытайлық компанияның жұмысшылары заңсыз жұмыстан қуылдық деп отыр. Сөздерінше өндірісті тоқтатып, наразылыққа шыққан күні оларды «үш сағаттан артық жұмыс орнында болмады» деген желеумен қорқытып, жиырма жақты азаматқа арыз жаздырып алған. Басшыларына талап қоямыз деп бір күнде жұмыстарынан қуылған «Биккор» компаниясының жиырма шақты жұмысшысы 3 ақпаннан бастап далада қалғандарын айтады. Сөздерінше, Жаңажол кенішінде мұнай өндіріп жатқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының асханасы мен жатақханасының тазалығына жауап беретін олардың бір айда алатын жалақылары 50 000 теңге. Жұмысшылар отбасын асырауға да жетпейтін жалақымызды ең болмағанда 100 000-ға көтеру туралы басшылыққа талап қойғанымыз үшін бізді заңмен қорқытты дейді. СӘБИТ ОРАЗҒАЛИЕВ, жұмысшы: – Бізге айтты «сендерді күштеп жұмыстан шығарып жібереміз, жатақханадан шығарамыз, полиция шақыртамыз» деп қорқытты. Статьяны көрсетті. «Ешқандай жерде сендер медиктен де өте алмайсыңдар, ешқандай жерге жұмысқа да кіре алмайсыңдар»- деді. Енді бізге бір шара қолданып, мәселемізді шешіп берулеріңізді сұраймыз. НҰРЖАН ШӘМШИЕВ, жұмысшы: – Үш сағаттан артық жұмысқа шықпағанымыз үшін статьямен жұмыстан шығарамыз деді. Сосын біз өз еркімізбен 15 шақты бала болып жұмыстан шығып кеттік. Ел - жұрт көрсін. Халық көрсін. Жоғарыда отырған ағаларымыз көрсін. Бір шешім шығарып берсін. Алайда жұмысшылары шағымданған компанияда мәселеге қатысты жауап беретін бір адам болмады. Ал Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы «Биккор» компаниясы жұмысшыларын қорқытып жұмыстан шығарғаны жөнінде хабарсызбыз деп отыр. Өйткені бұл мәселе туралы ешкім арызданбаған екен. САЛАМАТ АМАНБЕВ, Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы: – «Биккор» компаниясында қазір біздерде арыз жоқ. Бірақ жұмысшылары жұмыс берушіге берген мәселелері бар. Оны біздер қадағалап, қарап отырмыз. Егер олар жұмыс берушінің шығарған шешіміне қанағаттанбаса, әрі қарай бізге шағымданса, біз жұмыс істейміз. Заңсыз жұмыстан қуылдық деген жұмысшылар тек бүгін еңбек инспекциясына барып арыз жазбақшы. Ал жергілік билік болса "Биккор" компаниясы жалақы мәселесін әуелі тапсырыс беруші "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясымен талқылауы керек деп отыр. Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #мұнайшылар_ереуілі