Маңғыстаулық компания жалақы өсіруді сұраған жұмысшыларды қысқартып жатыр HD

04.04.2022
Маңғыстау облысында "Caspian Drilling" серіктестігінің жұмысшылары облыстық әкімдік алдына жиналды. 120 мың теңге жалақы аламыз деген азаматтар айлығымызды көтеруді талап еткеніміз үшін жұмыссыз қалуымыз мүмкін дейді. Айтуларынша, басшылары 60-тан астам қызметкерге келісім шартты бұзу жөнінде ескерту хабарламасын жіберген. Онсыз да әрең жан бағып жүрген заманда, нәпақасыз қалудан қорыққан жұмысшылар енді әкімдіктен көмек сұрап барыпты. Жұмысшылардың сөзінше, еңбек дауы ақпан айында басталған. Бұрғылау жұмыстарын жасайтын азаматтар 120 мың теңге аз деп, жалақыны көтеруді талап еткен. Бірақ, сол уақыттан бері "Caspian Drilling" серіктестігінен бір де бір жауап болмады дейді. Тек 60 шақты қызметкерге бір айдан соң еңбек шарты бұзылатыны жөнінде хабарлама келіпті. Бүкіл құзырлы орган мен компанияның бас директорына арыз жазып, күте-күте амалымыз таусылды деген жұмысшылар 30 наурыз күні кен орнындағы жұмысты тоқтатқан. Ақыры естір құлақ табылар деп үміттенген азаматтар бүгін облыстық әкімдік алдында жиналған. ЖАЛҒАС ДАБЫСОВ, жұмысшы: – Жұмысты тоқтатқаннан кейін қысым көрсетіліп жатыр басшылықтан. + Адамдарды жұмыстан шығару, қудалау. Сондай жүріп жатыр, елудей адамды уже уведомление келіп тұр жұмыстан шығарамыз деген. Осы жерден әкім келе ме, департаменттен келе ме осы жерден шешіп берсін бізге. Болмаса біз осы жерде отырамыз. БАҒДАТ ЖАНМҰХАНОВ, жұмысшы: – Бізге примирительный комиссияға отыруға келген жоқ келісімге. + Қағазда объемның аздығы дейді, сосын штатты қысқарту керек дейді. Сондай қағаз беріп тұр. Енді оның бәрін үкімет бар, еңбек инспекциясы бар бәрі қарағанын жақсы көріп отырмыз. Облыс әкімдігіне жиналған топты еңбек инспекциясы бірден жиналысқа шақырып, екі тарапты да тыңдады. Жұмысшылар еңбек жағдайының мүлдем жасалмағанын айтып, тіпті арнайы киім де берілмейтініне шағымданды. Ал компанияның бас директоры бұған дейін жазбаша арыз жазылмады, жұмысшылар тек қана бейнеүндеу жариялады деп отыр. Сөзінше, 60 шақты қызметкерді құрылғылардың ескіруіне байланысты жұмыстан босатпақ. Ал қысқартудың бұған дейінгі еңбек дауына еш қатысы жоқ деп отыр. ТЕЛЬМАН САФИНОВ, «Caspian Drilling Llp» ЖШС бас директоры: – Қазір біз комиссия құрамыз. Егер екі жақ бірдей келіссек, жұмысты жалғастырамыз. Егер бір келісімге келмесек, еңбек төрелігіне жіберіледі. Мәселені мемлекеттік органдар шешсін. Бір қызығы қызметкерлерге еңбек шарты берілмепті. Ал серіктестік басшысы компанияның бас кеңсесі Атырауда болғандықтан, еңбек шарты қызметкерлерге жетпей қалыпты деп міз бақпады. Басшының бұл әрекетін мемлекеттік еңбек инспекпоры заңбұзушылық деп есептеп, жауапкершілікке тартпақ. Махаббат Нұржанқызы, Фархад Шадкам Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Маңғыста

Похожие видео

Показать еще