«Амалдың жоқтығы». Баяғы кафе-ресторанның жұмысшылары жаппай құрылыс саласына кетіп жатыр HD
Елімізде карантиннің кесірінен жабылған кафе-ресторандағы жұмысшылар, енді құрылыс саласына кетіп жатыр екен. Ал өзге өңірлерден мегаполиске ағылатын жұмысшылардың саны күрт азайып кетіпті. Қазақстанның құрылыс одағының өкілдері, бұл салада еңбек етемін деушілерді оқытып алуға әзір екендіктерін алға тартуда. Бірақ, жұмыспен қамту орталығы құрылысқа жастар қызығып емес, көбінесе амалдың жоқтығынан барады дейді. Пандемия басталғалы бері өзге өңірлерден ірі қалаларға ағылатын құрылысшылар былтырдан бері 50 мыңға азайған. Есесіне, тамақтану орындары мен сауда орталықтарында жұмыс істеп жүрген жастар осы салаға ағылыпты. Құрылыс қарыны тұралап қалмас үшін, мердігер компаниялар жалақыны 20 пайызға пайызға арттырыпты. ЕРАЛЫ САУРАНБАЕВ, Қазақстанның құрылысшылар одағының Басқарма төрағасы: – Тәжиірбиесі мол мамандар, мәселен мықты дәнекерлеуші 450 мыңнан жоғары алса, одан кейін 250 мың теңге айлық қарастырылған. Ал қара жұмыстың ең жеңіл түріне тартылғандар 150 мың теңгеден төмен алады. Жалақыны әрі қарай көтеру құрылыс компаниялары үшін де тиімсіз. Өйткені, құрылыс материалдары қымбаттап барады. Бұл жылжымайтын мүлік бағасына әсер ететіні сөзсіз. Алматыдағы жұмыспен қамту орталығына карантиннің кезінде ең көп өтініш жіберген мердігер компаниялар екен. Былтыр олар 9 мың қара жұмысшының екі қолына бір күрек беруге әзірміз депті. Орталық сала мамандарын құрылысқа толық тарттық, бірақ оның 40 пайызының ғана жоғары білімі болды дейді. Қалғаны нарықта істейтін жұмыс таппаған соң, амалсыздан барған көрінеді. ДОСЫМ ӘДІЛХАНҰЛЫ, Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы: – Жұмыс беруші мердігер компаниялар 85 мыңнан жоғары айлық ұсынды. Мемлекет тарапынан 85 мың теңге берілді. Құрылыс саласына көп азамат келіспейді. Көбінесе біздің Алматы қаласының тұрақты тұрғындары емес, ашығын айту керек. Көбінесе Алматының маңындағы облыстардан қалаға уақытша тіркеуге тұрып, солар жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 300 мыңға жуық азамат құрылыс саласында еңбек етіп жатыр екен. Сала мамандары, пандемияға қарамастан өз жұмысын тоқтатпайтын сектор екенін алға тартып отыр. Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, соңғы үш жылдан бері тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүрген 19 мың азамат бар екен. Әйгерім Ердәулет, Ринат Әбілқайыров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жұмыссыздық #екі_қолға_бір_күрек
Похожие видео
Показать еще