ШҚО-да су астында қалған елді мекендер толығымен қалпына келтірілді HD
Осыдан 5 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы бірнеше елді мекенді су алып кетіп, халық абдырап қалған болатын. Сол кездің өзінде-ақ 3-4 айдың ішінде жүздеген үйлер жаңадан тұрғызылып, әлеуметтік нысандар толық қалпына келтірілді. Бүгінде бұл аймақтың тірлігі қалай? Тұрғындарының билікке не айтары бар? Болат Көкенайұлы, тілші -Көкжыра ауылы қаладан еш кем емес. Тақтайдай тегіс жол. Сәулетті үйлер. Әдемі ғимараттар. Мұның бәрін мемлекет өз күшімен салып берді. Ал бүгінде шағын және орта бизнес өкілдері де қарап отырған жоқ. Олар тапқан-таянғандарын елмен бөлісуде. Соңғы жылдары 6 миллион теңгеге жуық қаражаттың демеушілік жұмыстары атқарылған. Көкжыралық кәсіпкер Нұрлан Садықов ауылдағы балабақшаның ауласын тегін көріктендіріп берді. «Кәсібіміз дөңгелеген сайын халықтың жағдайын да назардан тыс қалдымаймыз», – дейді ол. Құрылыс бұйымдарын шығаратын кәсіпорында 30 адам еңбекпен қамтылған. Нұрлан Садықов, кәсіпкер -Ауылда қолы шебер азаматтар жетерлік. Мына бетономешалканың құны шамамен 300 мың теңге тұрады. Оны өзіміз жасап алдық. Мына брусчатканың вибраторы да 300 мың, 400 мыңдай, оны да өзіміз жасап алдық. Данияр Жанат, Көкжыра ауылдық округінің әкімі -Ауылымыз жылдан-жылға дамып келе жатыр. Кәсіпкерлік нысандары да бой көтеруде. Осы уақытқа дейін бесеу болса, алдағы уақытта тағы да салынуда. Сүт цехы ашылады. Ал Семей медициналық колледжін тәмамдаған Ақерке Нұғманова «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында осында келген. Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның медбикесі. Мұнда адам денсаулығын түзеу үшін жан-жақты жағдайлар да қарастырылыпты. Ақерке Нұғманова, медбике -Басында мен мұнда қаладан кем емес осындай емхана бар екен деп ойлаған жоқпын. Міне қазір келдім. Еш өкінбеймін. Келгеннен кейін мемлекет баспана берді, бір реттік жәрдемақы алдым. Жаңа баспанада Ақерке қазір ата-анасымен тұрады. Көтерме ақыға жиһаз, тұрмыстық техника алып, баспанасын толтырған. Ендігі мақсаты – біліктігін арттырып, осы ауылда тұрақтап қалу. Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Бауыржан Дайырбеков
Похожие видео
Показать еще