ШҚО-да Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтті HD

12.09.2017
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Абайдың ақындық мектебінің талантты өкілі, алашқа әйгілі ақын, композитордың мұражайы қайта жөнделіп, шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Бұрын қысқаша өмірбаяндық мәліметтер назарға ұсынылса, енді мұнда 3 бөлім бар. Дарынды тұлғаның ғұмыр жолы, Абай мектебінен алған тағылымы, Қытайдағы шығармашылығы және әсеттану мәселелері кеңінен насихатталады.

Похожие видео