Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжанға ХАТ HD

26.04.2020
Марғұлан Сейсембай Мұхтар Тайжанға ХАТ Маргулан Сейсембаев Мухтар Тайжан https://www.facebook.com/seimargulan Мұхтар Тайжанға хат. Қымбатты Мұхтар, қоғамымызды жақсартуға барынша тырысып, өз үлесіңді қосып жүргеніңді ескеріп, бұл постты мүлдем жариялағым келмеген. Барлығы екеуара шешілгенін қалап едім, бірақ, өкінішке орай, сен өз әрекеттеріңмен маған басқа таңдау қалдырмай отырсың. Вотсап желісінің топтарында менің ескі видеомды, субсидиялар көрсетілген excel кестелерді, анекдот және өзге де дүниелерді таратып жүрген мен емес дейтін шығарсың? Осы еркектік пе, айтшы? Тіпті, соғыстың өзінде моральдік ұстанымдар болады. Жарайды, сені сынайтын мен емес. Сенің реніштеріңді біліп, келісімге келіп, осы жағдайдың алдын алу үшін сенімен кездесуге бірнеше рет әрекет жасадым, бірақ, сен барынша қаштың. (Скриншоттар сақтаулы). Сенің алдыңдағы кінәм қандай? Сенен гөрі танымал болып кеткенім бе? Еш себебін таба алар емеспін, мен саған үнемі ерекше жақсы көзқараспен қараушы едім. Әрдайым өз таныстарыма сені мақтайтынмын. Неге сен тура қазір маған бас салғаныңды түсінбедім, әдеттегідей, хайп жасап, менің есебімнен өз абыройыңды көтеріп, өзіңнің "саяси бәсекелесіңнің" көзін құртқың келді ме әлде бұрынғы әдет бойынша сені тағы сатып алды ма? Бірінші рет сені ФБ-те байқадым. Ол кезде сен маған ел тағдырының шын жанашыры болып көрінген едің. Кездесуде сен маған бірігіп, пияз бизнесімен айналысуды ұсындың. Сені қолдауды жөн көріп, 50/50 табыспен пияз сатып алуға 95 000$ инвестиция құйдым. Пияз бизнесінде толықтай күйіп, өз ақшамды жоғалттым. Сен менен ақша алдың, бірақ, кейінірек белгілі болғандай, Шенгелді массиві фермерлері сенен өз ақыларын алмағанын айтты. Кейін сен маған олармен соттасып, сотты жеңіп шыққаныңды жазған болатынсың. Сенің сөзіңе сеніп, әрі қарай өзіңмен араласа бердім. Бұл менің кезекті үлкен қателігім болыпты! 2016 жылдың сәуір айында елді жерге қатысты митингтер толқыны өтті. Халық жерді шетелдіктерге сатпауды талап етті. Сен бұл мәселеге белсенді араласып, менен көмек сұрадың. Барлық ақшаңды пияз бизнесінде жоғалтып, Америкадағы балаңның оқуы ақысын төлеуге, отбасыңды қамтуға қаражатың жоқ екенін айттың. Сонда мен саған сен жерге қатысты сұрақтармен айналысуың үшін көмек беремін дедім. 23 сәуірде ФБ жариялаған постыңдағы тесттің бірінші – Жер митингілері кезінде мен не істедім? деген сұрағына бірден жауап берейін. - Жер митингілері кезінде мен халық мүддесін қорғап жүрген белсенді Жер комиссиясының жұмысына қатысып, митингте қабылдаған шешімдерді жүзеге асырсын деп, оның отбасын асырап, ұлының Америкадағы оқуының ақысын төлеп тұрдым. Әрі қарай. Жерге қатысты сұрақтар айтарлықтай көп болмаған соң, менен өзіңе басқа да мәселелер мен міндеттерді тапсыруды сұрадың. Жасыратыны жоқ, барлық мәселелермен тыңғылықты айналыстың, сенен талап етпесем де, әрбір шенеунікпен болған кездесу жайында есеп беріп отырдың. (Барлық жазысқан хаттарымыз бен әңгімелеріміз сақтаулы). Қаржылай көмектен бөлек, сен маған жерге қатысты, одан әрі өзге де сұрақтар бойынш

Похожие видео