Тұрғындардың өз күштерімен жөндеуден өткізіп қоныстанған үйлерін шенеуніктер тартып алмақшы HD
Қарағанды облысы Абай ауданының қырыққа жуық отбасын әкімдік үйлерінен қуып жатыр. Жұрт иесіз қалған тұрғын үйді өз күштерімен жөндеуден өткізіп, қоныстанған. Айтуларынша, ауданның қайтыс болған бұрынғы әкімі үйге кіруге рұқсатын беріпті. Ал жаңадан келген шенеуніктер қаңырап бос қалған үйлерді қалпына келтіріп, ешкімге алақан жаймай өз-өздерін баспанамен қамтығаны үшін тұрғындарға алғыс айтқанның орнына енді ештеңенеден ұялмастан пәтерлерді босатуды талап етіп жатыр. Ол аздай тіпті сотқа да берген екен. Амалы қалмаған тұрғындар енді үйдің алдына шатыр тігіп тұратындарын айтады. Қырыққа жуық отбасы дәл осындай иесіз қалған үйді әкімдіктен рұқсат алып, өз қаржыларына толығымен жөндеуден өткізіп, қоныстанған. Тіпті миллиондаған қаржыға несие алып үйдің іші - сыртын әктеп, құбырларын өздері жүргізіп алған. Тұрғындар осыдан сегіз жыл бұрын қайтыс болған аудан әкімі Еркебұлан Нашаровтан көзі тірісінде үйге қоныстануға рұқсат сұрағандарын айтады. Бірақ ол кезде құжаттарды рәсімдемеген. Айтуларынша, әкім үйді толығымен жөндеуден өткізіп болған соң құжаттарды реттеп береміз деген. Алайда айтқанын орындатуға үлгермеген екен... ВЛАДИМИР КУДРЯШОВ, Абай ауданының тұрғыны: – Марқұм Нашаров деген әкім осы иесіз қалған үйді бізге берген. Ол кісі бізге үйді жөндеуден өткізіп кіре беріңіздер, жөндеп болған соң құжаттарын рәсімдеуге көмектесем деген. Енді әкімдік дайын асқа тік қасық болып, үйді алып алғылары келеді. 2017 жылы үйді босатуды талап еткен әкімдік өкілдері тұрғындарды сотқа бермек болған, алайда құзырлы органдар араласқан соң іс тоқтатылған екен. Тұрғындар содан бері есік қағылса қорқатын жағдайға жеттік дейді. МЕРУЕРТ ОМАРОВА, Абай ауданының тұрғыны: Шыны керек біз күнде қорқамыз, қай күні келіп бізді мына үйден шығарып лақтырып жібереді деп. Естіп жатырмыз ана жерден шығарып тастады он жыл бойы тұрып жатқандарды, мына жерден шығарып тастады деп. Уже есік қаққан сайын қорқамыз. ҚАЙРАТ ҚЫПШАҚОВ, Абай ауданының тұрғыны: – Абай бойынша елу пәтер биылға на выселения бәрі, құжаты жоқ, который тоғыз жыл, он жыл тұрып тастаған адамдардың бәрі осы биыл шығармақшы олар. Егер де бізді шығарсаңыздар бізді площадкаға палаточный городок салып, сол жерде тұрамыз. Бізде басқа тұратын жер жоқ. Ал Абай аудандық әкімдігіндегілер тұрғындар бұл үйлерде заңсыз тұрып жатыр дейді. Және адамдардың өз күштерімен жөндеген үйді кезекте тұрған жандарға беруді қарастырып отырғандарын айтады. МҰРАТ МАҒЗИН, Абай ауданы әкімінің орынбасары: – Бұл кісілер бұл үйге заңсыз кірген, акимат бұл кісілерге рұқсат берген жоқ. Біз заңды түрде істейміз. Кезекте тұрмаған адамға біз үй бере алмаймыз. Оны қалай алды білмеймін. Біз сотқа жүгіндік. Соттың шешімі шығарып жатса, сосын қарастырамыз қайда баратындарын. Қазір мемлекетте ауыз ашып қарап тұрудың мәнісі жоқ. Қазір жеңіл кредиттар беріп жатыр ғой, халық неге қолын ашып мемлекет неге оның бәрін нету керек?! Ал сот тұрғындар үйді босату керек деген шешім шығарған жағдайда әкімдік олардың қайда баратынын әзірге қарастырмапты. Бірақ тұр
Похожие видео
Показать еще