Ақтөбелік ит асыраушылар төбеттерді таластыруға тыйым салатын заң жобасына қарсы шықты HD

18.10.2021
Бүгін Ақтөбеде ит асыраушылар наразылыққа шықты. Олар төбеттерді таластыруға тыйым салатын заң жобасына қарсы. Сөздерінше қазақы төбеттің тұқымын тексеру үшін азуы мен жүректілігін сынақтан өткізіп тұру керек. Бұған дейін экология министрлігі жануарларды қорғауға арналған заң жобасында ит таластыруға толықтай тыйым салу керек екенін айтқан еді. Ал, жиналғандар қазақы төбет пен тазыны дамыту мақсатында таластырып тексеруді, заңды етуді талап етіп отыр. Экология министрлігі дайындап, мәжіліске ұсынып үлгерген заң жобасы төбет пен тазы асырап отырғандарға мүлдем ұнамаған. Өйткені ит бағып, оларды таластыру атадан келе жатқан кәсібіміз дейді. Сөздерінше төбеттерді ешкім қан шығарғанша таластырмайды. Яғни жануарлар қорлық көрмейді. Керісінше осылай сынақтан өткізіп, иттердің мықтысын анықтайды. Тіпті қасқырға қарсы шапса да дес бермейтіндері, осылайша таңдалады екен. ЕРКЕБҰЛАН САРМАН, Ақтөбе қаласы «Жекпе-жек» питомнигінің төрағасы: – Олардың күштерін сынау мақсатында, мінездерін тексеру мақсатында, алдағы уақытта мал бағып жүрген шопанның артында қасқырға шаба ала ма, шаба алмай ма соны тексеру мақсатында. Біз де қорғаушымыз жан-жануарды. Бұл жерде біз қырылып төбелестіру емес, қандай да бір пайда табу емес. Бұл төбеттерді ары қарай дамыту. БАУЫРЖАН БЕКЕШОВ, ит асыраушы: – Бұл бизнес емес. Бұларды сату мақсат та емес. Төбелестіріп ақша табу ондай жоқ. Бізде көбісі шатастырады. Тестовый испытанияда оны ақшаға төбелестіріп, коммерческий бой дейді. Ондай жоқ. Тестовый испытанияны заңдастыру біздің талабымыз. Алайда жануарларды таластыру арқылы олардың денсаулығына зақым келтіретін спорт түрлеріне тыйым салу мәселесін қолдайтындар ит таластыру жануарға қатыгездік таныту деп санайды. Бірақ қазіргі қаралып жатқан заң жобасында шикілік бар дейді мамандар. Ал ит таластыруға келгенде мәселені нағыз мамандар отырып, зерттеуі керек. ТАТЬЯНА ОСТРЕЦОВА, «Қамқор» жан-жануарларды қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы: – Біз бұл заң жобасын толық емес, әлі де зерттеліп, қаралуы керектігін көріп отырмыз. Әрине иттерді таластыру біз үшін өте аянышты. Бірақ бұл мәселеге өз мамандары, яғни кинологтар, ит бағумен айналысатындар араласып, пікірлерін қосу керек деп ойлаймын. Ит таластыру болғаны жөн. Бірақ белгілі бір шектеумен. Ол жерде қатыгездік болмауы шарт. Елімізде ит таластыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Қазір мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында осындай бап бар. Алайда елімізде ит асырап баптайтындар қазақы төбет пен тазыны дамыту мақсатында және тек сынақ үшін төбелестіруді заңға енгізуді қажет дейді. Әрі бұл мәселеге ауылшаруашылық министрлігінің де араласуын талап етіп отыр. . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақи

Похожие видео

Показать еще