НАЗАРБАЕВҚА ЖАБЫЛЫП - БЕЙШАРА БОЛЫП ҚАЛДЫ! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. "Ата заңда атым қалсыншы" деген атамыздың арманы орындалмады! Назарбаевтың тарихи рөліне қатысты атышулы бап алынып тасталды. Билік халықтың қас-қабағынан қорықты ма? Кезінде Назарбаевтың түкірігін жерге түсірмей қағып алатындар енді неге өзгеріп шыға келді? Сізге өле-өлгенше қызмет етемін деп ант су ішкендері қайда? Мың құбылған депутаттар жайлы не дейміз? Мұны сізге білген дұрыс. Осыдан 12 жыл бұрын, 2010 жылы парламенттің қос палатасы бұрынғы президенттің «Елбасы» дейтін статусын конституцияға бекітуді мақұлдаған кезде Назарбаевтың өзі ол заңға қол қоймаған екен. «Маған мұның керегі жоқ» деп депутаттарға үндеу жолдаған. Алайда Назарбаевтың керек емес деген сөзіне парламент «құлақ аспай», «Елбасы» статусын конституцияға «күштеп енгізген». Қазір Нұрсұлтан Назарбаевқа бәрі жау. Кезінде аузына құм құйылғандай үндемеді. Керісінше Нұр аға, Сіздің арқаңыз, Елбасы деп мадақ-мақтауды үйіп төкті. Ал бүгінде тақтан түсіп еді, Тексіз, ұятсыз, ұры, жемқор деп, әйтеуір бәрі герой болып шыға келді. Бұл ақиқат. Әрине, халықтың жаппай қарсылық танытуының арқасында ата заңнан Назарбаевқа қатысты бап та, сап та алынып тасталды. Бірақ таңқаларлығы өз заманында оның аяғын сүюге әзір жандар қазір адам танымастай өзгеріп жатыр. Бұл жайлы депутаттардың өзі не ойлайды? «Азаттық» тілшісі оларға микрофон ұсынып еді, былайша жауап беріпті. Күн ұзағына бір түрлі алай-дүлей күйде жүрмін. Не қуанарымды, не ашуланарымды білмеймін. Бүгін мен назарбаевтық жүйеден әбден зәрезап болған елді емес, кезінде соның жанында жүріп, түкірігін жерге түсірмей қағып алуға таласқан, ал бүгіннен бері алақайлап, жұрттан бұрын "елбасы деген ұғымды Ата-Заңнан алып тастадық" деп бөркін аспанға бәрінен биік лақтыруға жанталасқандарды көріп, соларды аяп жүрмін. Себебі ел, көп болса өзіне тиесілі дәулетінен қағылған шығар, амандық болса оның орны толар. Қайда шашылмаған дүние! Ал жаңағы бейшаралар сол кісіге қалтқысыз қызмет қылам деп жылдар бойы ары мен намысын өз қолымен тұншықтырып, өз аяғымен жерге жаншып таптауға мәжбүр болды емес пе. Енді бүгін міне, соңғы адамдық келбетінен айрылды. Аярлық пен екіжүзділік жағынан Назарбаевтың өзінен де асып түскенін сезе ме екен бұл сорлылар? Әй, иттің ғана балалары деп ұрсайын десем, аузым бармай отырғаны. Оларға қаратып мұндай теңеуді қолдану - итке обал ғой. Итекеш ит те қожайынын сатпайды себебі. Сендерге қосылып табаламай-ақ қойғаным. Журналист Мұхтар Түменбай ағамыздың пікірі осындай. Шынымен қызық. Назарбаевты құдайдың деңгейіне дейін көтеріп, қазір құлдың деңгейіне түсіріп тастады. Желі қолданушысы Мәди сырымбет былай жазыпты. Біздің депутаттардың жұмыс істеу тәсілі:- Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгертейік. Барлығы жамырап: дұрыс, керемет шешім, қолдаймын, Нұрсұлтан жасасын... Он минут ду қол шапалақ. - Нұрсұлтан қаласының атын Қасымжомарт деп өзгертуге қарсы емессіздер ме? Депутаттар: Әрине. Қолдаймыз. Баяғыдан бері өзгерту керек еді. Нұрсұлтан деген кім өзі? Атын кім өзгерткен? Сіздің атыңыз лайықты... Он бес