Ұлытау өртке оранды/Қазаққа ақырзаман келді/Қытайдың қарғысы тиді/Мал қырылды! HD
Бәріңізге ассалаумағлейкум Қытайдың қарғысы қазаққа тиді ме? Қос бүйірден қысқан қымбатшылық пен құрғақшылықтан қалай құтыламыз. Ұлытаудағы өрт пен малдың қырылуына ЛГБТ ныңқандай қатысы бар? Мұхтар Тайжан кімдерге бұлқан талқан болды? Евреилерден нені үйренуіміз қажет! Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көргкн дұрыс Қытайларда мынадай қарғыс бар: "Ұрпағың болса өтпелі кезеңде өмір сүрсін" деген. Қазекең аумалы-төкпелі замннан әупіремдеп өтіп, өтпелі кезеңнің өткір өткелдеріне табан тіреді. Қоғамдағы рухани деградация, экономикалық дағдарыспен қатар құрғақшылық пен қымбатшылық қос бүйірімізден қысып барады. Жаһандық жылыну, жаһаннам отындай жанымызды шарпып барады. Бейшара, мүгедек, пұшайман қоғамда қара шекпен халық одан арман қайыршылыққа бет алды. Қайтеміз, бұл тығырықтан қалай жол табамыз. Төрдегі би көкем де үнсіз, би көкеме бәтуалы бастама айтатын данагөйлердің орнына бәтшағарлар отыр. Ұлытау өңірі отқа оранды. Қанша мың гектар жер күлге айналды. Қаншама мал қырылды. Жығылған үстіне жұдырық болып, Құдай бізді бір айналдырғанда шыр айналдырды. Пандемияң анау, құрғақшылық пен қымбатшылығың болса мынау. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Қаршадай бала болсам да, қара шекпен қазақтың хәл ахуалы көкейімнен бір сәтке де ытқып шыққан емес. Бір күні уайымнан ақ өліп кетпесем болғаны. Көп іздендім. Бұндай алапат жағдайға бірнеше себептер бар, соның бірегейін хәм кілегейін Қажымұқан Абзалов мынау мақаласында жанын шығарып тұрып айтқан секілді Соңғы уақытта түйе өзінің ұрғашысына шаппай жатыр екен деген батыстан естіген әңгімемді жағамды ұстап, жаңалық қылып отырсам, жылкы бағатын бір досым; "биыл бие құлындамайтын болды, айғырлардың мүлде шамасы жоқ" дейді. Феминизм деп шыңғырып тұрған қоғамда, "мал - иесiне тартады да" деп отырғанмын. Екiншi досым шошытып, жоңышқа да жоқ екенін, барын орып алып, қысқа қарай қымбатқа сататынын айтты. Шымкентте шеп кептеу болған соң, айналадан арзан мал ағылып жатқанын да естідім. Жел сөз шығар деп желіге кірсем, сұмдық. Солтустiкте бiр жарым миллион құс тұмаудан тұра алмаған, Павлодарда қансорғыш қаптап, шыбын-шіркейлер шіреніп, масалар масайрап үй құстарын қырып, жан-жануарларды жайратып тастапты. Қызылордада қуаңшылықтан жарты миллион iрi қара қырылып, Аралдын артынан кетіпті. Маңғыстау маңайында да осы уайым. Қырында малы қырылып, сайында суйектерi жатыр. Бiздiң облыста көктемде кекборан басып, арты акборан болып қанша ауылды қиратып кеткен. Жер ысып үлгермей, жемістер булiндi. Бiр жұмада екі рет жел тұрып еді, шатырлар шағаладай ұшып, талдар белінен белiнiп, бағаналар тубінен жұлынды. Ия, ғалам табиғаты езгерді, себебі адам табиғаты өзгерді. Апаттар-алаңға азғындар шыққаннан басталды. Сенгiнiз келмесе де солай. ЛГБТ-"сырттың ықпалы", "сырттың тапсырмасы" деп акталып журіп, Алланың заңынан аттап кетiппіз. Шеттен қорқып, шектен шығыппыз. Лұт қауымымен бірге жұт келдi. Енді, тәубе етпей тәуір күн жок. Төбемізден тас жауып кетпей тұрып, тасаттык бергенiмiз жөн. Құрбан шалып, Құдайға жугiнбесек Алланын азабы А
Похожие видео
Показать еще