Жамбылдық шаруалар мал азығын дайындауда заманауи технологияларды қолдануда HD
Биылғы көктем жамбылдық шаруаларға қолайлы болды. Жаңбыр көп жауып, шөп жақсы шықты. Одан бөлек, қазір төрт түлікке жем-шөп дайындауда олар заманауи технологиялар көмегіне жүгінуде. Бүгінде шаруашылықта аса қауырт шақ. Мал азығын дайындау қызу жүруде. Бұл – бірінші орым. Егор Кох дәл осы аумақтан биыл тағы екі рет шөп орып алуды көздеп отыр. Мынадай 5 заманауи құрылғының арқасында ол енді қуаншылық болады деп қорықпайды. Егор Кох, серіктестік төрағасы -«Бизнестің жол картасы» бойынша бізге мемлекет су тартып берді. Электр энергиясы, су соратын станса да бағдарлама арқылы іске асты. Әрине, мемлекет көмегінсіз бізге қиын болар еді. Былтыр 382 миллион бөлінді. Оны игердік. Қазір дайынбыз, құрылғылар осы көктемде келді. Шаруа бұл технологиясыз қолындағы 1600 бас ірі қараға азық табу қиынға соғатын дейді. Оның малды семіртіп, сүт пен етті молынан аламын деген ойы соңғы үш жылда ауа райының қолайсыздығынан арман боп келген. Негізі бұл шаруашылық өз жұмысын осыдан 20 жыл бұрын, бар болғаны 17 сиырдан бастап еді. Сосын 200 қазақтың ақбас сиырын алып, бұл күндері мал санын бірнеше есе арттырған. Егор Кох, серіктестік төрағасы -Қазір сүтімізді қажетінше алып отырмыз. Әрине, малды семіртіп, аналықтарды көбейтіп жатырмыз. Осыған дейін мал азығы уайым болатын. Енді бұйырса оны ойламайтын шығармыз. Қазір оның 4 мың гектар жері бар. Барлығында мал азығы дайындалады. Шаруаның арманы – малды 5 мың басқа жеткізу. Жаңа құрылғының арқасында бұл ойды жүзеге асыруға болады. Шайхы Режепов, серіктестік қызметкері -Жүгері егіп қойдық, 200 гектар. Ол суармалы, 8 мың тонна жүгері аламын деп отыр. Ұраға басып, тұздап. Сенаждан да 2-3 тонна басам дейді. Қалғанын шөп қылып аламын дейді. Шөп мол болады құдай қаласа. Тыңбай еңбек еткеннің арқасында бұл шаруашылық бүгінде толығымен өз-өзін қамтып отыр. Жем-шөбін орып, малын семіртіп, сойып, етін өңдейді, сүтін сатады. Жылына 2 жарым мың тонна сүт алып, 400 тонна еттен түрлі өнім шығарады. Авторлары: Нұржан Мергенбай, Рауан Байкенже