Нәубеттің беті қайтар емес. Қуаңшылықтың кесірінен мал қырылып, диқандардың егістігі қурап кеткен HD
Қазақстанды қуаңшылық жайлады. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде күн өткен сайын жағдай күрделеніп барады. Себебі гектар-гектар алқапқа егін еккен шаруалар суаруға қажетті су таппай дал болып жатыр. Кесірінен бақша дақылдары егістік басында қурап кетті дейді диқандар. Ал шопандар азғантай малын асырайтын азық жоқ деп ашынады. Әрі жем мен шөптің бағасы айналдырған бір ай ішінде 70 пайызға өсуі жығылғанға жұдырық болып тұр. Информбюроның өңірдегі тілшілері шаруалардың қуаңшылықпен қалай күресіп жатқанын біліп көрген еді. ЕРЛАН ҚУАНДЫҚ, тілші: – Оңтүстік өңірде соңғы он күнде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Күннің ыстығына егістік алқаптары жұтап, қурап кетіп жатыр. Оның үстіне су тапшылығы тағы бар. Мәселен, қазір мен тұрған мына Түркістан облысының Отырар ауылында жағдай тіпті ушыққан. Халық еккен егіндерін суарар тамшы су таппай отырмыз дейді. Айтуларынша, соңғы бірнеше жылда ағын су тапшылығы айқын сезілген. Соның салдарынан диқандардың біразы жүгері мен бақша өнімдерін амалсыз қысқартқан. Ал егілген жоңышқа алқаптары да күнге күйіп тұр. Қазір екі жарым мың халқы бар Қарғалы мен Отырарға су жеткізетін «Ахынбаев» каналында су азайған. Диқандар ауыл ішіне келер арық-атыздардың деңгейі жобалау кезінде қате сызылған. Сондықтан, судың дұрыс ақпауының бір себебі де осыдан дейді. Мамандар 1300 гектарға тиесілі секундына 13 метр куб қажеттілік болса, қазір су сағатына бар-жоғы 4 кубқа қана жетіп отырғанын айтты. Елдімекенге ағын су Қараспан мен Бадам су қоймаларынан келеді. Олардың бірі Арыс өзененін су алады. Ал Арыстың деңгейі үш есеге азайған дейді. Су мамандары мен жергілікті әкімдік қосымша су көздерін қосып, бірер күнде мәселені уақытша болса да шешеміз деп сендіруде. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: – Ал климаты өзге аймақтардан қарағанда құрғақ болып келетін Маңғыстау облысында биыл жағдай тіптен қиын. Өйткені, өңірді бұрын-соңды болмаған құрғақшылық жаз басталмай сезілді. Мәселен, жауын-шашын мөлшерінің нормасы 20 миллиметр болса, биыл 3 миллиметр ғана жауын жауған. Жем-шөптің жоқтығынан малдар көтерем болып, тура алмай жатыр. Ал жергілікті билік жағдай реттеліп келеді дейді. СЕРІК ҚАЛДЫҒҰЛ, Маңғыстау облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы - Местный бюджеттен қаражат бөлінді. Қазір уақытша алғашқы 204 миллион бөлінді. Оның 54 миллионына екі апта болды арпа келді. айналымдағы қаражат па? Айналымдағы қаражат, дұрыс айтасың. Сосын 150 миллионға шөп сатып алу мәселесі. Жылдың аяғына дейін 6 ай бойы шөп тасимыз Маңғыстау облысына көрші облыстардан. ЗҰЛҚАРНАЙ ЕРМҰРАТҰЛЫ, тілші: – Павлодарда да шілденің шіліңгір ыстығы басталды. Кешелі бері ауа температурасы 30-34 градусты көрсетіп тұр. Өткен аптада қатты жауған жаңбырдың көмегі болмады. Оны егін алқабындағы қураған шөптерден аңғаруға болады. Ал, жергілікті атқамінерлер былтырғы жылмен салыстырғанда қуаңшылық деңгейін төмендетеміз деп отыр. Себебі, егін алқаптарының басым бөлігі Ертіс өзенін жағалай орналасқандықтан, суару жағынан мәселе туындамайтынына сенімді. Дегенмен, шабындық жер
Похожие видео
Показать еще