«Террорист емес, тракторшы». Ауруханадағы жаралы азаматтар жаппай изоляторға қамалып жатыр HD
Бірінің бүйрегін алып тастаған. Енді бірінің екі қолына төрт оқ тиген. Тағы бірінің атылған оқтан бір көзі шығып кеткен. Алматыдағы СИ-18 мекемесінің алдына жиналған ата-аналар, қамаудағы балаларының күйін осылай сипаттады. Алматы ауруханаларының жансақтау бөлімінен осындай диагнозбен шыққандарды тергеу изоляторына әкеп қамап, көбіне дерлік лаңкестік бабы бойынша айып тағылып жатқанына жақындары наразы. Олар, қамауға алынғанның бәрі жауап беруге шамасы жоқ, іс атүсті қаралмаса, тергеу әділ жүргізілсе деп талап етіп отыр. «Террорист емес, тракторшы» Күйеуіне бостандық сұрап, талабын қағазға жазып әкелгендер, алматылық Тимур Кимнің жақындары. Тимур Мақсұтұлының келіншегі, 9 қаңтар күні автомат ұстаған адамдар үйге келіп, күйеуімді белгісіз бағытқа алып кетті. Екі күннен соң оны құқық қорғау органдары ұстағанын және күйеуіме лаңкестік бабы бойынша күдікті ретінде ауыр айып тағылғанын білдік, - дейді әйелі. ЛӘЙЛІМ ӘБІЛДАЕВА, Тимур Кимнің әйелі: – Өтірік алдап, стиральный машина помоги поднять, соседи деп ашқызып, күйеуімді құлатып, он шақты адам ұрды. Менің артымда балаларым тұрды, балаларда да стресс. ЗКТ: Әйгерім Алшынбаева да күйеуіме ауыр айып тағып отыр, қатардағы тракторшы қалай террорист болады деп жылайды. ӘЙГЕРІМ АЛШЫНБАЕВА, Жасұлан Амангелдиевтің әйелі: – Тракторда жұмыс істейді. Оның дым қатысы жоқ. Трактор жұмыс істейді. Бастығына барам да қайтып келем деген. Қайтарда қайта-қайта алмай қалдым. Бір көзі жоқ, бір бүйрегі істемейді. Аяғы да жүрмейді де уже. Жақынымыз ауруханадан жоғалып кетті дегеннің де көбі, жарақат алған баласын, ағасын, інісін осы мекемеден тауып жатыр. ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты «ЛА-155/18» мекемесінің алды бүгін де адамға лық толы. Басым бөлігі - Алматыдағы аласапыран кездерінде оқ тиіп, жарақатымен ауруханаға түскен күйі жоғалып кеткендердің жақындары. САЙЛАГҮЛ АҚТОҚЫРҚЫЗЫ, Жасұлан Жармахановтың әйелі: – Екі қолына да төрт оқ тиген. Екінші операция болу керек. Енді қазір жатыр. Мен төрт баламен үйде отырмын. АЛЬФИЯ ДОСАНОВА, Күйеуі Ихсаниевтің әйелі: – Бесі күні аяғына екі оқ тиіп, аяғы бөлініп қалған. 7 больницаға алып кеткен. 8 күні омондар ма, білмейміз, мем қызметкерлер алып кеткен Изолятор алдын таңғы сағат алтыдан қорығандар, оқ тигеннің бәрін лаңкес деп айыптау негізсіз, кейбірі бейбіт шеруге шықты, кейбірі есік алдына дүкенге шыққандар, - дейді. ГҮЛМИРА ЕСБЕРГЕНОВА, Жантөре Сапарәліұлының анасы: – Ол бала нанға шыққанмын дейді. Сөйтіп бір топқа түсіп қалған ғой деймін. Қайта қашып бара жатқанда, резіңке ме, бірдеңемен атыпты. ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, Тілші: – Бірінің бір бүйрегін алып тастаған. Екіншісінің екі аяғын оқ жұлып кеткен. Тағы бірінің көзі шыққан. Осындай жаралыларды ең болмаса, бір рет көрсетуге мұрсат берсе дейді жақындары. СИ-18 мекемесінің алдына таңғы алтыдан бері жиналғандардың ешқайсысы қамаудағылардың түрін көре алмады. Олардың талабы жалғыз - тергеу әділ жүргізілсе дейді. АНАРГҮЛ СӘБИТХАНОВА, Арман Тоқанның анасы: – Ешкім бізге хабар берген жоқ. Операциядан шыққан