Қаңтар қасіретінде жапа шеккендер өтемақы ала ма? HD

19.01.2022
«Maidan» арнасына қаржылай қолдау білдіргісі келген азаматтар үшін: +7 707 675 25 55 Карта KaspiGold: 4400 4301 6636 5541 Данеш Асқарбекұлы Байболатов Қаңтар қасіретінде жапа шеккен, жазықсыз қамалып, соққыға жығылған, зардапқа ұшыраған бейбіт азаматтар мен оққа ұшқан жазықсыз боздақтардың туыстары әділдікті кімнен және қалай сұрайды? Олардың моральдық, материалдық шығынын кім өтеп береді? Биліктің қателігі себепкер болған қантөгіс үшін мемлекет жауапты ма? Осы сұрақтарға жауапты тәжірибелі адвокат Тілеужан Кішкенебаевпен бірге іздеп көрдік. Полициядан жәбір көргендер «14-02» және 8 (7172) 71-41-09 нөмірлеріне арыздана алады. Тайм-код: 02:05 - Кәсіпкерлердің шығыны мемлекет есебінен немесе сақтандыру компаниясымен өтелуі мүмкін. 03:50 - Жәбірленген, зардап шеккен азаматтар құқығын қорғауды және өтемақы өндіріп беруді талап етіп арыздануы керек 04:49 - Жазықсыз жапа шеккендерге өтемақы мемлекеттік қордан бөлінуі мүмкін 06:04 - Алдымен жапа шеккеніңді, зардап тартқаныңды дәлелдеуің керек 06:22 - Мемлекет зардап шеккендердің шығынын көтеруі тиіс. 07:09 - Қанды оқиғаға мемлекет жауапты 08:34 - Қамауға, ұстауға соттың рұқсаты керек. 09:28 - Адам кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. 10:19 - Ауруханада жатқан жаралыларды тергеуге алып кету - қылмыс. 11:01 - Төтенше жағдай кездегі ерекше құзірет пен құқық туралы. 12:15 - Құқық қорғау органдарынан құқай көрген, азаптау көргендер қайда шағымданады? 13:20 - Прокуратурадан қайран болмаса қайда арыздану керек? 14:37 - Моральдық, материалдық өтемақыны сотта талап етуге болады. 15:03 - Өтемақыны сотталушы немесе мемлекет өтеуі тиіс. 16:00 - Бейбіт халыққа оқ атқан кінәлі әскери немесе полиция қызметкерін анықтау қиын 17:33 - Азаматтардың ақпарат алу құқығы бұзылды ма? 19:31 - Мұндай қасірет биліктің халықпен санаспауының кесірі 21:28 - Бұл тығырықтан туған трагедия 22:24 - Қарны тоқ халық шеруге шықпайды 23:09 - Ату бұйрығын орындау туралы 26:55 - Қаруынан айырылған, тікелей міндетінен жалтарған полицей немесе әскери сотталады 28:43 соңы

Похожие видео

Показать еще