«Өтемақы таныстарға төленіп жатыр». Қызылордалық ақхалаттылардың шағымы бұл
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында медициналық қызметкерлер басшылық «ауырсаңдар жауапкершілік өздеріңде болады» деген қолхат жаздырып жатқанын айтып арнамызға шағымданды. Ол аздай COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан кейбір ақ халаттылар жаздан бері өтемақы ала алмай жүрміз деп отыр. Қыстың қытымыр аязына қарамай аудандық аурухана алдына жиналғандар тиесілі өтемақыларын талап етіп жүрген медицина қызметкерлері. Олар жазда тараған жаппай індет кезінде жанымызды салып жұмыс істедік дейді. Ауруханаға ағылып келген науқастарға қараймыз деп ақыр соңы өздерінің де қауіпті вирусты жұқтырып қатты ауырғандарын айтады. Айтуларынша ол үшін әлі күнге өтемақы төленбепті. ҚАРЛЫҒАШ БАЙСАЛОВА, медбике: – Жұқпалы аурулар ауруханасына жатып емделдім. Хаттама толтырылды. Қалаға жіберді. Кейін естіп жатырмыз ғой Тоқаевтың жарлығымен 2 миллионтөленіп жатыр дегенді. Бірақ біз ала алмадық. АЙГҮЛ БАЙХОЖИНА, медбике: – Действительно ауырғанымыз рас. Таныспен, тамырмен кетті деп айтамын. Потому что отпускіде жатып үйде, больничныйға шықпаған адамдар алып кетті. Үйде жатып 2 миллион теңгені алғандар бар деген қызметкерлер өтемақы бармақ басты, көз қыстылықпен таратылды деп ойлайды. Ал бас дәрігер ауданда 40-тан аса ақ халаттыға бір реттік төлем төленді дейді. Өтемақы екі минстрліктің бұйрығына сәйкес тағайындалғанын айтады. ЯХИЯ ШОРАБАЕВ, Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері: – Бұйрыққа сай келетін топтарға қызметкерлердің бәрі алды. Оның бәрі ауырғанымен бұл бұйрыққа сай келмегендіктен кейбір кісілер ала алмады. Сосын медициналық қызметкерлердің тағы талап бар бізде өзіміз сақтануымыз керек. Бас дәрігер өтемақы алмағандардың вирустан сақтануға мүмкіндігі болды дейді. Ал осы төлемнен қағылған қызметкерлер енді ауырып қалсақ та басшылар жауапкершілікті тағы өз мойынымызға артып отыр деп ашынады. МЕРУЕРТ ШАЙЫҚОВА, инфекциялық аурухананың шаруа бикесі: – Бір параққа жазып өздері алып келді. Екінші толқын болғанда ауырсам өзім жауаптымын дегізіп қол қойдырып алды. Қол қойдырды деген қолхатқа байланысты қызметкерлердің шағымын бас дәрігер жоққа шығарып отыр. Алайда коронавирус пен пневмониядан жазылып шыққан аурухана қызметкерлері бізге жағдай жасалмайтын болса вирустың екінші толқыны бола қалса жұмысқа шықпаймыз дейді. Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31