Астаналық дәрігерлер баласы жатырдың сыртына біткен әйелдің өмірін сақтап қалды
Астаналық дәрігерлер баласы жатырдың сыртына біткен 28 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды. Ақ халаттылар қансырап келген келіншектің жатырына да пышақ тигізбепті. Жүкті аналар арасында сирек кездесетін ауруды білікті маман қымбат құрылғы арқылы анықтаған. Сәтті жасалған отаның арқасында әйелдің алдағы уақытта сәби сүюге мүмкіндігі бар,- дейді дәрігерлер. Астанадағы ауруханалардың бірінде жатқан Әлфия Катпенова өмірге қайта келдім деп қуанышты. Келіншек бұл ауруханға өлім аузында жатып түсіпті. Бойына бала біткенін білген ол алдымен ақылы емханаға тексерілген. Ақшаға қараған дәрігерлер дәрі жазып беріп жібере салыпты. Ауруы асқына берген Әлфия өзге ақ халаттылардың да алдына барыпты. Алайда, ультра зерттеуге түсіргендер іштегі баланың түсіп қалу қаупі бар екенін ғана айтқан. Қансыраған келіншекті жедел жәрдеммен жеткізген. "Сәл кешіккенімде ақ халаттылардың салғырттығынан өміріммен қош айтысып, перзент сүю бақытынан айырылар едім" - дейді жыларман болған жас әйел... ӘЛФИЯ КӘТПЕНОВА, Астана қаласының тұрғыны: Это уже на их совести. Пусть остануться у них. Если бы я сама не почуствовала наверное меня здесь не было бы. Қазір Әлфияның жағдайы жақсы. Дәрігерлер сәтті операция жасап, жас келіншектің жатырын да аман алып қалған. Алайда, қос бірдей емхана дәрігерлері баланың жатырға бітпегенін не үшін анықтай алмағанын ешкім білмейді. Ал екінші аурухана дәрігерлері, баланың жатырдың мойыншағына біткенін анықтаған. Жүз мың әйелдің бірінде ғана кездесетін диагнозды қымбат құрылғы мен аса мұқиятпен тексерудің нәтижесінде қойдым,- дейді тәжірибелі гинеколог. ДАРИҒА ЖӘНІБЕКОВА, Астана қ. №2 аурухана дәрігері: Ол қиын емес өте сирек кездеседі ешкім көңіл бөлмейді. Мысалы мен 20 жылда бірінші рет көріп тұрмын. Жалпы, сәбидің жатырға емес, түтікшеге бітуі бүгінде жиі кездеседі дейді дәрігерлер. Ауруханаға күніне бес жүкті әйел қаралса, соның біреуіне осы диагнозды қояды екен...