Жаңақорған аудандық емханасының жағдайы мүшкіл

14.03.2014
Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру маңызды. Дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова аймақта осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жаңақорған ауданындағы тозығы жетіп тұрған емхана жұмысын да көрді. Жаңақорған аудандық емхананың дәрігерлері халыққа барынша сапалы қызмет көрсетуге ниетті. Алайда ғимараттың тиісті талаптарға сәйкес келмеуі олардың алаңсыз жұмыс жасауларына кедергісін келтіруде. Бұл нысан 1976 жылы аудандық әкімшік үшін салынғанмен, соңғы 20 жылда емхана қызметін атқарып келеді. Несібелі Аханова, Жаңақорған ауданының тұрғыны: - Дамыған ел қатарына қосылып келе жатырмыз. Сондықтан осы халыққа қызмет көрсететін медициналық мекемелердің жағдайы қаладағы деңгейге жетуі керек деп ойлаймын. Кішкене кабинеттерде дәрігерлер бірге отырады. Науқастарға өз деңгейінде медициналық көмек көрсету үшін бұл 2 бөлімге кемінде 7 бөлме қажет. Дәрігерлер шағын ғана жерде бірнеше операциялар жасайды. Сынық та, ашық жара да осы жерде таңылады. Тіптен олардың құрал-саймандарын залалсыздандыратын орын жоқ. Оған қоса дәрігерлер қолдарында жуа алмайды, су жүйесі тартылмаған. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще