900 теңгеден құмшекер! Ұзын-сонар кезек, жаға жыртысқан халық HD
Елімізде қант тапшылығы қайта басталды. Бірқатар өңірлерде құмшекердің бағасы шарықтап, кей сауда нүктелерінде тіпті келісі 900 теңгеге дейін сатылып жатыр. Ал әлеуметтік дүкендерде ұзын-сонар кезек. Құмшекер жетіспеушілігінен ірі кондитерлік фабрикалар да барбарис пен иристі өндіруді уақытша тоқтатқан. Қант төңірегіндегі қарбаласты аймақтардағы әріптестерім көріп қайтқан еді. Әріптестер? МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, Тілші: Алматыда құмшекердің құны тағы қымбаттап, кейбір сауда нүктелерінде келісі тіпті 900-теңгеге дейін жеткен. Тиісінше, сұраныс артып, дүкендерде тапшылық сезіле бастаған. Қаладағы кондитерлік зауыттар да қант тапшылығынан кей өнімдерін шығаруды уақытша тоқтатыпты. Ал Шымкентте шекер бағасының шарықтағанын байқау қиын емес. Кейбір дүкендерде қанттың 800 грамдық шағын ғана қорабы 720 теңгеден сатылып жатыр. Әлеуметтік сауда нүктелерінің өзінде 1 келі құмшекердің бағасы 530 теңгеден деп белгіленіп қойылғанымен, сөрелерде мүлде өнім жоқ. Сатушылар сұраныстың көптігінен, бұл тауар түрі түске дейін-ақ таусылып қалатынын мойындайды. Айта кету керек, супермаркеттердегі әлеуметтік сөрелерге әкімдік аптасына 5 тонна шекер жеткізіліп беріледі. Бірақ оның өзін супермаркеттерге күнделікті 550 келіден артық сатуға шектеу қойылған. ӘСЕТБЕК СТАЛИБЕКОВ, Сауда орнының өкілі: – 12 сетьімізге бір аптада 5 тонна көлемінде қант жеткізіледі. 529 теңгеден бір келісі. Бір адамға1 киллограмнан. Ол бір киллограмм 1-2 сағатта сетьімізде сатылып кетеді. Қант негізінде жеткіліксіз. Сауда орнының өкілдері құмшекер бағасы бір айда бірден 200 теңгеге қымбаттағанын ашық айтты. Тиісінше кәмпиттер мен тәтті өнімдердің құны да 30 пайызға шарықтап шыға келді дейді. Сауда сөрелерінде барбарис және ирис мүлде жоқ. Сатушылар олардың бір аптадан бері тасымалы тоқтатылғанын жасырмайды. ЖАНАР ҚОЖАНОВА, Тілші: – Ақтөбеде де қантқа деген сұраныс өте жоғары болып тұр. Құмшекерге таласқан тұрғындардың кезегінде шек жоқ. Өйткені қазір қаладағы ірі супер, гипермаркеттерде тәті ұнтақ тек таңертеңгі 9 бен 11-дің арасында ғана болады. Оның өзінде әр адамға тек үш келіден артық сатылмайды. Алайда, әкімдіктегілер облыста қант тапшылығы жоқ, қарбаласты тұрғындардың өздері қолдан жасап отыр дейді. НҰРХАН ТІЛЕУМҰРАТОВ, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы: – Кейбір адамдар көптен алып жатыр. Халыққа алмаңыздар деп біз тыйым сала алмаймыз. Бәрі тұтынушы. Бірақ сан бойынша қарасақ, он есе артып жатыр. Шағын супермаркеттер бұрын 200-300 келі күніне сатса, қазір 2-3 тонна сатып жатыр. Ірі гипермаркеттер күніне бұрын 1 тонна сатса, қазір 10 тонна кемінде сатылып жатыр. Әкімдіктегілер соңғы он күннің ішінде облысқа 68 тоннадан он бес вагон қант жеткізілді деп отыр. Қазір шекердің бір келісі әлеуметтік дүкендерде 363, гипермаркеттерде 442, ал шағын дүкендерде 500-600 теңгеден сатылуда. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, Тілші: – Ал Қызылорда қаласындағы сауда нүктелерінде, базарларда бір келі құмшекер 600 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. Қымбатшылықтан қалтасы жұқарған жұрт қант алу үшін тұрақтандыру қо