«Бір тамшыға зар болып қалдық». Көкшетаулықтар үш күннен бері ауыз сусыз отыр HD

14.09.2021
Қолдарына шелек ұстаған халық. Су таситын көліктің алдындағы ұзын-сонар кезек. Бұл тоқсаныншы жылдардың суреті емес. Жақында түсірілген. Көкшетауда екі бірдей ықшамаудан тұрғындары үш күннен бері ауыз сусыз отыр. Өйткені, ескі құбыр жарылып, істемей қалған. Соның кесірінен Жайлау, Сарыарқа аудандарында түгелдей су жоқ. Қазір тұрғындарға ауыз су арнайы көлікпен жеткізіліп жатыр. Оның өзі кенезесі кепкен халыққа түк болмай тұр. Көкшетаудың Жайлау ықшам ауданы үш күннен бері сусыз отыр. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар жұмыстарын ысырып қойып, су таситын көліктерді күзетуге көшкен. Әйтпесе, тамшы суға да зар болып қалады. СӘУЛЕ НҰРЫШЕВА, қала тұрғыны: – Қазір су күтіп отырмын. Суды таңертең бір, кешке бір әкеледі. Қазір халық жоқ. Су әкелгенде маса құсап жиналады. Біреуге жетеді, біреуге жетпейді. Ал, біреулер жұмыстан үлгермейді. Облыс орталығындағы Сарыарқа және Жайлау ықшамаудандарының тұрғындарына таза ауыз су таңғы сағат 10-нан 12-ге дейін және кешкі сағат 5 тен 7-ге дейін көлікпен тасымалдануда. Ал, қаланың солтүстік және шығыс өндіріс аймағындағы кәсіпорындарды сумен жабдықтау уақытша тоқтатылған. ҚАЛИАСҚАР МҰСТАФИН, «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары: – Осыған байланысты тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су қала іргесіндегі Шағалалы су қоймасынан алынып отыр. Ол Көкшетау қаласының тұрғындарын ауыз сумен толық қамтуға жетпей жатыр. Айта кетейік, облыс орталығына қажетті таза су жылдар бойы қала іргесіндегі Шағалалы су қоймасынан алынып келген. Әрі Көкшетаудан 176 шақырым қашықтықта орналасқан Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев қоймасынан қосылған. Мұндағы тазарту қондырғылары мен құбырлардың да әбден тозығы жетіпті. Жоспар бойынша су қоймасындағы жөндеу жұмыстары қыркүйектің 21-іне дейін жалғаспақ. Яғни кенезесі кепкен халықтың тағы біп апта бойы шелек сүйреп, көлік күзеткеннен басқа амалы жоқ. Ерболат Серікбай Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #сусыз_халық #КөкшетауСуАрнасы #ауыз_су

Похожие видео

Показать еще