Қызылорда облысында жаңа емхана ашылды HD

30.12.2015
Жалағаш ауданы орталығынан бой көтерген ғимарат 250 келушіге лайықталған. Бұған дейін дәрігерлер бұрынғы балабақшадан босап қалған ғимаратта халыққа қызмет көрсетіп келген болатын. Ал енді жаңа емдеу мекемесіне бұрын-соңды ауданда болмаған заманауи медициналық құрылғылар да қоса беріліп отыр. Соның арқасында мамандардың күрделі ауру түрлерін дер кезінде анықтау мүмкіндіктері артты. Одан бөлек физиотерапияның барлық түрі, емдік-дене шынықтыру бөлмелері де бар. Жалпы соңғы 3 жылда аймақтың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 58 пайзға өсті. Содан бері 33 емдеу мекемелері халық игілігіне беріліп, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Айша Мырзабаева, Жалағаш ауданының тұрғыны -Ескі емханада ешқандай жағдайымыз жоқ еді. Дәлізіне дейін тар. Ол жақтан біз анализімізді өткізіп, ана жақта күндізгі емханаға баратынбыз. Аллаға шүкір, мінекей ашылып жатыр. Ризамыз, рахмет бәріне, халықтың жағдайы жасалып жатыр. Дәрігерлер де жақсы. Гүлжаһан Нысанова, емхананың бас дәрігері -Жүрек ауруларын ерте анықтауға арналған жабдықпен қамтылып жатырмыз. Және емханада бізде жалпы зерттеулік рентген аппараты болмаған осы кезге дейін. Сол аппарат іске қосылып, туберкулез, басқа да ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Похожие видео

Показать еще