Жаңа емхананың қабырғасы қақырап тұр
Атырау облысы Махамбет ауданы орталығындағы жаңа емхана ғимаратының қабырғасы қақырап жатыр. Басында сызаттанып түскен жарық, еденнің шөгуіне байланысты күн санап жапсары ашылып, апатты күйге түскен. Қазір ғимараттың жарты бөлігі жабылып, ем қабылдаушыларды басқа жерге көшіруге мәжбүр болды. 2 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаржысына тұрғызылған ғимараттың мерзімі жетпей жерге шөгуіне не себеп? 32 мыңнан астам тұрғыны бар аудан халқының сапалы ем алуға мүмкіндігі бар ма? Тілшіміз баяндайды.
Похожие видео
Показать еще