ЭКС-БАНКИР ЖОМАРТ ЕРТАЕВҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ HD

03.03.2021
Экс- банкир Жомарт Ертаевқа қатысты жаңа сот үкімі шықты. Айыптылардың қатарында Ертаевтан басқа, астық олигархы Нұрлан Тілеубаев және тағы 4 адам бар. Олар «RBK банкі», «Qazaq Banki» және «Eurasian» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам ақша жымқырған. Тергеу материалдарына сүйенсек, Тілеубаев Ертаевтың көмегімен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттары арқылы несие алған. Ал Тілеубаев болса, ақшаның бір бөлігін Ертаевқа аударып отырған. Сот Тілеубаев пен Ертаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Қалғандары орташа алғанда 5 жылға сотталды. Сот айыптылардан «Арнайы Қаржы Компаниясына 97 млрд теңге және мемлекеттің пайдасына 2 млрд теңге баж салығын өндіріп алуды үкім етті. Айта кету керек, бұған дейін Ертаев RBK Bankіне тиесілі 140 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жылға сотталған еді. Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Біздің сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ https://inbusiness.kz/ru/tv - Бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық тұңғыш "Atameken Business" арнасының Онлайн көрсетілімі. Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері. Қазақ тіліндегі Telegram - https://t.me/inbusinesskz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness Наш сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/ atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz https://inbusiness.kz/ru/tv - Онлайн трансляция первого казахстанского мультимедийного канала новостей бизнеса - "Atameken Business" Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения рынков, комментарии специалистов и экспертные оценки. Гости Atameken Business это ведущие эксперты своих областей – бизнесмены, руководители предприятий, представители государственных органов, лидеры общественного мнения #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Похожие видео

Показать еще