Университет бітірген қызылордалық 76 студенттің дипломдарын сот жарамсыз деп таныған HD

29.12.2020
Қызылорда облысында университет бітірген 76 студент бір жылдан бері дипломдарын ала алмай жүр. Жоғары оқу орнының сырттай бөлімінде үш жыл бойы ақылы білім алған бітіруші түлектердің дипломдарын сот жарамсыз деп үкім шығарған. Үкім шықпас бұрын Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жабылып қалып, ақыр соңы дипломды да ала алмай, не төлеген ақымызды да қайтара алмай жүрміз деп ашынады түлектер. 2019 жылы Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірсе де, әлі күнге дипломдарын ала алмай жүрген Қызылорда облысының бір топ тұрғыны сот ғимаратының алдына жиналды. Айтуларынша, сырттай бөлімде оқып бітірген 166 түлекке былтыр дипломды сол кездегі оқу орнының деканы үйлеріне дейін әкеліп беру керек болған. Бірақ ол үшін біз сенім хат жазып бермеген едік дейді түлектер. Сондықтан дипломдарды әкеле жатқан университет өкілін Қызылорданың тұсында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған екен. ГҮЛЗАТ ЕРМЕКБАЕВА, тұрғын: – КНБ-ға арыз жазғызды бізге. Бізге сендердің дипломдарың жарамсыз, ең құрығанда ақшаларыңды қайтарып алыңдар деді. Осы айдың 25-інде қалалық соттың үкімімен қызылордалық 76 түлектің дипломы жарамсыз болып шыққан. Ал университетке қыруар ақы төлеп, әне-міне дипломы бар маман атанамыз деп отырғанда, ақыр соңы 3 жыл уақытымыз зая кетті деп ашулы бітірушілер. МАЯ ШӨКЕНОВА, тұрғын: – Біз ректордан 90 дипломды сұрағанымызда, оларды егесіне бердік деді. Өз қалаларыңыздан сұраңыздар дипломдарыңызды деді. 76 диплом жарамсыз болып қалды. Ал 166 диплом ұсталса неге бәрі жарамсыз емес? Әділдік қайда? Үкім шығарған судья сотта оқу орнының деканы серіктестерімен оқу процестеріне қатыспаған және емтихан тапсырмаған студенттерге жалған құжаттар дайындағаны дәлелденді дейді. Сондықтан түлектердің біреуінің де дипломының жарамайтынын айтады. Ал бұған қатысты университеттің деканы алаяқтығы үшін 2 жыл бас бостандығынан шектелген. НҰРЖАН БЕКЕТАЕВ, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы: – Қызылорда облысының 76 тұрғынына қатысты ШАӘИ университетін оқып бітіргенін растайтын жоғары оқу орнының оқу процестеріне қатыспастан 76 студентке ешбір емтихан тапсыртпай, оларға бакалавр және магистр дәрежесін алып береміз деп жалған құжаттар дайындаған деген айып тағылған. Судья сонымен қоса қалған 90 дипломға қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласында тергеліп жатқанын айтады. Ал 3 жыл уақытын сарп еткен түлектер енді ең болмағанда төлеген оқу ақыларын қайтару үшін апеллияциялық сотқа шағымданбақшы. Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще