«ДИКИЙ АРМАН» ДЕП ТАНЫЛҒАН ҚЫЛМЫСКЕР АЛМАТЫДА ҚОЛҒА ТҮСТІ HD
Дикий Арман деген лақап атпен танылған Арман Жұмагелдиевтің қамауға алынуына қатысты қосымша ақпарат жарияланды. Алматының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 1985 жылғы Дикий Арманды кеше бестер шамасында қолға түсірген. Онымен бірге қылмыстық топтың бес мүшесі де ұсталды. Тінту барысында оқ өтпейтін көліктен алуан калибрлі, түрлі маркілі жартылай автоматты тапаншалар, оларға арналған оқ-дәрі, суық қару, граната және оқ өткізбейтін кеудеше табылды. Полицейлердің алдын ала таратқан дерегінше, бұл қылмыстық топ, Алматыға желтоқсан айында шетелден келген. Дикий Арманның сапарының мақсаты мен мәні тергеу барысында анықталмақ. Айта кету керек, бұл қылмыстық топ ұстау барысында қарсылық танытпақ болған. Telegram Qaz - https://t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - https://t.me/atamekenbusiness Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv Cайт - https://inbusiness.kz Atameken Business Programs - https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана
Похожие видео
Показать еще