«Пәтер де жоқ, ақша да жоқ!». Алаяқтық арбауына түстік деген алматылық азаматтар шу шығарды HD

22.07.2021
Алматыда алаяқтың арбауына түстік деген бір топ азамат шу шығарды. Сөздерінше, компания өкілі қоңырау шалып, пәтер ұттыңыз деп ақжолтай ақпар айтады екен. Артынша, мекеме шотына ақша жіберу керек дейтін көрінеді. Ойда жоқта үйлі болдық дегендердің алды 100 мың жіберсе, кейбірі тіпті 7 миллион теңге салған. Енді не пәтер жоқ, не ақша жоқ сан соғып қалдық дейді. Мұндай қоңырау осында тұрған оншақты адамның бәріне шалынған. Өзін KBT-store компаниясының қызметкері ретінде таныстырған азамат пәтер немесе көлік ұтып алдыңыз деп құттықтайды. Бірақ келісімшартты толық аяқтау үшін қаражат құю керек дейді екен. ҚҰНДЫЗ ШӘУЕНОВА: – Звондады. Сіз ол кезде 500 мыңға накладной сатып алдыңыз. 5 адамның ішінде сіз ұтып тұрсыз деп миллион салдырды. Мұндағы адамдар 100 мыңнан бастап, 7 миллион теңгеге дейін ақша салып жіберген. Қаражатты құйған соң әлгі менеджер құжатты мекен-жай бойынша пошта арқылы жөнелтеміз дейді екен. Поштаға барса, бірнеше тұрмыстық техника немесе көп дәрі салып жіберген. Колл орталыққа хабарласса, үйдің құжаты мен кілтін салтанатты түрде табыстаймыз деп сендіретін көрінеді. БАЛҒЫН НҰРСАЛЫҚ: – Өзіміз Астанаға келетін билетіңіздің келуін, қайтуын, сол жақтағы үш жұлдызды қонақ үйінде жатасыз. 3 күн біз сіздің документіңіздің оформлять етеміз, қолыңызға машинаңыз бен үйіңіздің кілтін береміз. Бәрін оформлять етеміз. KBT-store компаниясы өкілдерінен жауап алу үшін кеңселеріне бас сұқтық. Тұтынушыларды қолдау бөлімінің басшысы компания ұтыс ойнатып жатқанын жоққа шығармайды. Оның сөзінше, менеджерлер адамдарға хабарласып, мекеменің тауарын ұсынады. Ал оны сатып алған адам ұтысқа автоматты түрде қатысады екен. АРАЙЛЫМ ОМАРОВА, тұтынушыларды қолдау бөлімінің басшысы: – Отдел продаж оларға звондайды. Потом олардан кейін бізде отдел проверки деген бөлім бар. Олар каждый клиентті тексереді звондап. Розыгрыш жайлы айтады. Розыгрыш болғандықтан бізде болды моменттер, что клиенттер жаловались что гарантию довали. Сол үшін біз каждый клиентке звондаймыз, айтамыз. Сан соғып қалдық деген азаматтар аталған компанияның бірде-бір тауарын сатып алмадық деп отыр. Қоңырау шалған адам ұтысқа қатыстың деп емес, жеңімпаз болдың деп хабарласады дейді. Бұл сұраққа KBT-store өкілі жауап бермеді. Ал, несие алып, қарызға белшесінен батқан тұрғындар енді полицияға арызданамыз деп отыр. Өмір Серікбекұлы, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #пәтер_қайда #алаяқтық #Алматы

Похожие видео

Показать еще