200 миллионнан астам қаражатты үкіметке қайтарулары керек HD

04.03.2021
Бүгін бір топ өскемендік отбасы балаларын жетектеп Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Құжат рәсімдеу үшін емес, әрине. Мемлекет осыдан үш жыл бұрын берген ақшаны қайтарыңдар деген соң, ерлі-зайыптылар амалсыз әділдік іздеп жүр. Жиналған ел бұған дейін "Нұр Отан" партиясына да өтініштерін айтқан екен. Бірақ одан ешқайсысының үміті ақталмапты. ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҚАЙТАРЫП АЛМАҚ Өскемен қаласы бойынша екі жүз елу төрт адам. Олар енді наурыздың онына дейін екі жүз миллионнан астам ақшаны үкіметке қайтаруы қажет. Бірақ жанұялар бұл шешіммен келіспейді. Жиналған отбасылар 2018 жылы "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді" алған. Құжатты тапсыру кезінде Халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандар күйеулеріңе рәсімдесеңдер көбірек аласыңдар деп кеңес берді дейді. Сондықтан өздерін кінәлі деп санамайды. МҰХИТ БАСБОЛАТОВ, Өскемен қаласының тұрғыны: – ХҚКО-дағы адамдар кінәлі ғой. Маған кеңес берді. ХҚКО-дағы қызметкер. Сондағы жұмыс істейтін кісі. Әйеліңіз жұмыс істей ма? Жоқ, жұмыс істемейді. Сіз жұмыс істейсіз бе? Ия, мен жұмыс істеймін. Айлығыңыз қанша. Осынша. Онда сізге айына осынша ақша көп шығады деді. Сіз көп аласыз деді. Мен жарайды дедім де өз құжаттарымды бердім. Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры біз ештеңені есептемейміз. Тек құжаттарды қабылдаймыз. Сондықтан бұл жалған деп түсіндірді. АЗАМАТ ЕСЕМБОЛОВ, "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының директоры: – Жоқ. Өйткені біз қарамаймыз. Кімде қанша айлық? Біз оны қарамаймыз. Бізге қандай толық құжаттар келсе, сіз келесіз бе, әйеліңіз келе ме, толық құжат алып келсе біз қабылдаймыз. Одан кейін құзырлы органға жібереміз. Ал жәрдемақыны тағайындайтын мекеме басшысы бұл заңбұзушылықты жою туралы прокуратурадан хат келді дейді. Олар соңғы үш жылда аты аталған жәрдемақыны алғандарды тексеріп, жұмыс істей тұра ақшаны алған екі жүз елу төрт еркекті анықтаған екен. НҰРЛАН ҚЫСТАУБАЕВ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ШҚО филиалының директоры: – Оны біз бір айдың ішінде орындауымыз керек. Сондықтан бар адамдарға сотқа дейін осы сұрақты шешу үшін әр адамға хат жолдадық. Қор қызметкерлері заңсыз төленген қаражатты үкіметке қалайда қайтарып аламыз. Борышкерлердің жағдайына қарап, қажет болса бөліп төлеулері үшін арнайы кесте жасап та береміз дейді. Бірақ әлеуметтік жәрдемақы алған кезде туған балаларын жетектеп келген бүгінгі ерлі-зайыптылар қайтармаймыз деп тарқасты. Жанболат Санияз Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар

Похожие видео

Показать еще