Тұрғындар әлемді әбігерге салған індеттен әбден шаршады HD
Тұрғындар әлемді әбігерге салған індеттен әбден шаршады. Бір сәт бой жазып, демалуды қалайтыны белгілі. Жағдайы жететіндер шетке шығуға асығады. Бірақ, осындай қысылтаяң, қымбатшылық жайлаған уақытта қайда барып демалған дұрыс? Жалпы, Қазақстандағы туризмнің даму деңгейі қандай? Үнді штаммының өршуіне байланысты қандай шектеулер қойылған? Әріптесім Зұлқарнай Ермұратұлы жауап іздеп көрген еді. Қазіргі таңда республика бойынша 19 курорттық аймақ бар. Бұл жерлерге жыл сайын келушілердің де қарасы қалың. Статистика бойынша былтыр 1 млн 200 мың қазақстандық отандық курорттарға барған. Сонымен, елдегі демалыс орындарының бірнешеуіне тоқталып өтсек. Мәселен, Алакөлге демалушылар тек бой жазу үшін ғана емес, сонымен қатар, шипалы судан ем алуға барады. Бұл жердің батпағының өзі көптеген ауруларға дәру. Көл екі облысты жағалай жайғасқан. Алакөлдің ШҚО-дағы бөлігі Қабанбай ауылы маңында болса, оңтүстігі Алматы облысына қарасты Ақши және Көктума кентіне жақын. Шығыстағы демалыс орнында 6 күнге пәтер жалдау шілде, тамыз айларында 96 мың теңге мен 270 мың теңгенің аралығында болады. Өскеменнен курорттық аймаққа қатынайтын автобустардың саны екі есеге артқан. Сондай-ақ, тағы екі темір жол көлігі іске қосылды. Айта кету керек, Алматыдан Алакөлге 18-ші маусымнан бастап, 504 орынға шақталған қосымша пойыз жүреді. Жалпы, демалысқа шығарда қалтамыздағы қаражатқа қарайтынымыз бар. Бірақ, елімізде ешқандай қаражатты қажет етпейтін, тегін курорттық зоналар да бар. Мәселен, Каспий жағасында ВИП орындардан бөлек, тегін жағалауларда да жақсы дем алып қайтуға болады. Ал, Бурабайдағы демалыс туралы booking сайты тамыз айына 11 ұсыным ғана көрсетіп тұр. Пәтер жалдау құны 6 күнге 54 пен 900 мың теңгенің аралығында. Нұр-Сұлтаннан Бурабайға дейін жол ақысының ең арзаны бір кісіге 2500 тг. Естеріңізге сала кетейік, "Екінші Швейцарияға" жету үшін еліміздің көп бөлігінен пойыз айдың тек тақ күндері ғана жүреді. Соңғы жылдары танымалдылыққа ие болып келе жатқан Жасыбай көліне келушілердің қарасы қалың. Павлодар облысында орналасқан бұл жердің табиғаты да ерекше. Баға жағына келетін болсақ, Бурабайдан кем емес. Бірақ, көл жағасында дем алу тегін. Баянауылдағы демалыс орнына бару үшін Павлодар қаласына дейін Нұр-Сұлтаннан автобус пен пойыз қатынайды. Ең төменгі баға көрсеткіші кісі басына 3000 теңге. Ал, Павлодардан Баянауылға дейін күнделікті жүретін автобус пен такси қызметіне жүгінесіз. Жалпы, отандық демалыс орындарына қазақстандықтардан бөлек, шет елден де дем алушылар жиі келеді. Былтырғы жылғы статистика бойынша бір маусымда Түркиядан 10 мыңнан астам адам келген. ЕРНҰР КЕНЖЕБЕКОВ, «Қазақтурист» АҚ ҰК Баспасөз хатшысы: – Былтырғы жылы Алматы тау кластеріне Түркиядан 10 мыңнан астам турист келген. Келушілердің басым бөлігі тауға саяхат жасағанды ұнатады. Ескере кететін жағдай, қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында үнді штаммын жұқтырғандар анықталып жатыр. Осыған байланысты демалыс орындары келушілерді АШЫҚ қосымшасы арқылы қабылдайды. . . . . Бізді әлеуметтік желіде о
Похожие видео
Показать еще