240 гектар жерді жекенің қолына беруге қарсылық білдірген тұрғындар шу шығарды HD

21.06.2021
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тұрғындары тағы да шу шығарды. Айтуларынша, жергілікті билік ауылдың жайылымдық жерінің 240 гектарын жекенің қолына өткізбек болған. Басқа табыс көзі жоқ, тек малмен ғана күнелтіп отырған ауыл тұрғындары бұған үзілді-кесілді қарсы. Себебі, осыған дейін де «Ақтоғай Агро» ЖШС Жоламан ауылына жағдай жасаймыз деп, жайылым жердің 6 гектарын сүт тауарлы ферма салуға алған екен. Бірақ, құрғақ қасық ауыз жыртып, уәде тек сөз жүзінде қалған. Бұл - Ақтоғай ауданына қарасты Жоламан ауылының тұрғындары. Ауылдың алақандай ғана жайылым жерін жекенің қолына бермейміз деп дабыл қағуда. БОШ ЖАМАН, Ауыл тұрғыны: – Жоғары жақта отырған атқамінерлер бізге қысым көрсетіп жатыр. Ауылмен ешқандай санасықысы келмейді. Жұмыстағыларын жұмыстан шығарамыз деп қорқытады. Бұған дейін де «Ақтоғай Агро» ЖШС Жоламан ауылына жағдай жасаймыз деген желеумен жайылым жердің 6 гектарын сүт тауарлы ферма салуға алған дейді халық. Тіпті, тұрғындарды тұрақты жұмысқа аламыз деп те уәде беріпті. Бірақ, көпшілік "кәсіпорынның көмегін көрмедік", дейді. ЖАНДОС ЖАҚЫПОВ, Ауыл тұрғыны: – Жоламанға сол кісілердің жасаған жақсылығы әлі күнге дейін көрінген жоқ. Біз уже ауызымыз күйді. Күйген ауыз үрлеп ішеді деген бар. Гарантия қайда? Біз қазір берсек, тағы да жақсылық істейді деп жатырсыздар. Айта кету керек, елдімекенде мал шаруашылығынан басқа кәсіп жоқ. Халықтың уәжін тыңдаңған жергілікті әкімдік өкілдері, егер тұрғындар қарсы болса "жер жекенің меншігіне өтпейді" деп сендірді. СӘБИТ ҚАРАТАЕВ, Ақтоғай аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: – Суармалы жерлерді көбейтіп, «Ақтоғай Агроға» қосымша жер сұраған Жоламан ауылының қасынан. Халық бермейміз деп отыр. Енді халық айтса, халықтың айтқаны болады. Бастапқыда суарламы алқабын кеңейтпек болған «Ақтоғай Агор» ЖШС өкілдері де бұл шешіммен келісіп отыр. Статистикаға сүйенсек, аталмыш ауылда 2800 га жер бар. Оның 1000 гектары мал шаруашылығына арналған. Күзде мал жайлаудан келгенде бұл жер тым аздық етеді. Себебі, айналаның барлығы егін. Ал, тұрғындардың тілегі бір - олар мәселе оңынан шешілсе дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жайылымсыз_жұрт #Ақтоғай #жер_дауы

Похожие видео

Показать еще