Жылу электр орталығының жанында тұрса да, пеш жағып отырған семейліктер наразылық білдірді HD
Теңіздің жағасында отырып суға жарымағандай. Семейде дәл жылу электр орталығының жанында тұрса да, әлі күнге дейін пеш жағып отырған тұрғындар бар. Жылу орталығы іргемізде, ал пешенемізге пеш жағу бұйырыпты деген тұрғындар бүгін наразылық білдірді. Өйткені айналасындағы зәулім коттедждер, көп қабатты үйлер орталық жылу жүйесіне қосылған. Дені мүгедектер мен зейнеткерлер тұратын үйлердегі жандардың жанайқайын семейлік әріптесім біліп қайтқан еді. Сәтбек Байсаринов ақсақалдың көмірмен кіріп, күлмен шығып жүргеніне он екі жыл болыпты. Қорадан екі шелегін көмірге толтырып, екі иығы үзіле, ентіге басып екінші қабатқа көтеріліп келе жатқан беті бұл. От жағу үшін күндегі қайталайтын тірлігі осы. Көмір кіргізіп, күл шығарып, отын жару осы жердегі қатар тұрған төрт үйдің ортақ тірлігі. Бұрын бұл үйлер жанындағы ұн-жем комбинатынан жылу алыпты. Жылудан осыдан он сегіз жыл бұрын ажыратылған. Айналадағы тұрғын үйлер, коттедждер жылу жүйесіне қосылғанда, тиіп тұрған жылу орталығына қосылуға бізге не кедергі екенін түсінбейміз дейді тұрғындар. ДУМАН ЖҰМАХАНОВ, Семей қаласының тұрғыны: – Мына жерде сот тұр. Жолдың мына жағына шықсаңыз ылғи жаңадан салынған үйлер. Двухэтажный коттедждар. Бәрінде бар отопление. Тұрғындар арыз-шағымын айтып, ауыз жиғанша жиналғандар жанына қала әкімінің орынбасары Қанат Әділбаев та жетті. Әкім бүгін қабылдайтынын айтып, мәселені бірлесе шешуге шақырыпты. Бірақ тұрғындар тілегін орындауға уақыт керек екенін әкім орынбасары айтуды ұмытпады. ҚАНАТ ӘДІЛБАЕВ, Семей қаласы әкімінің орынбасары: – Өздеріңіз білесіздер, күн әлі жылынған да жоқ. Жер болса қатып жатыр. Оның барлығы, жылу тарту үшін міндетті түрде енді жердің бәрін қазып, сол қазба жұмыстарын жасау керек қой. Құбырлар тару керек осы жаққа осылай. Әкіммен кездесуге баратын, ортақ мәселені айтатын екі-үш адам қамданып жатты жиыннан кейін. Жаңа әкім жарылқап қалар деген үмітпен күнделікті күйбең тірліктері - от жағуға, көмір кіргізуге тұрғындар да кірісіп кетті. Ерзат Жанатұлы, Санат Иманғали Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Семей
Похожие видео
Показать еще