7-ШІ АЙДА ӘЙЕЛГЕ НАЙЗАҒАЙ ТҮСІП, ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН АЛЫП КЕЛДІ / Кино Шолу Кз / Кыска шолу HD

13.06.2022
#киноәлемі #киношолу #казакшакино / Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу Фильм: Пудра (1995) Сәлем достар, Кино Әлемі арнасына қош келдіңіздер! Лайк басып арнаға тіркелген жандарға алғысымды білдіремін. Далада қатты жаңбыр жауып, жалт ойнап тұр. Найзағайдан соққы алған жүкті әйелді күйеуі ауруханаға әкеледі. Дәлізде уайымдап отырған жолдасына дәрігер суық хабар айтады. Әйел оқыс жағдайды көтере алмай көз жұмған. Нәрестенің жай-күйі де мәз емес. Бір белгілі нәрсе – сәби дүниеге альбинос болып келген. Әкесіне баланы көрсеткенінде, аппақ шарананы көрген ол «бала менікі емес» деп айқайлап жібереді. Осы уақытта құрылғылар түсініксіз көрсеткіштерді шығарып жатады. Арада 15 жылдай уақыт өтеді. Шерифке шалғайдағы бір ферманың қожайыны өліп қалғаны туралы хабар келіп түседі. Сонымен қатар, ол кісімен бірге белгісіз жасөспірімнің тұрғанын естиді. Бұл істі ашу үшін әлеуметтік қызметкерді көмекке алады. Дак пен Джессика үйге келіп, жертөлесіне түседі. Бөлме әдеттегідей қойылған. Барлық жерде кітаптарға толы сөрелер бар. Әйел жас баланы шақырғанында, ол қараңғы бұрыштан жауап қатады. Қолын созғанда қорқып кетеді. Бозбаланың бір тал шашы жоқ. Терісі сондай аппақ. Ал көздері қып-қызыл. Ол есімін Пудра деп айтады. Ал шын аты Джереми Риф екен. Жас жігітті тамақтаған Джессика оған қаңырап қалған үйді тастап, өздерімен бірге жүруін ұсынады. Әзірге интернатта тұратын болады. Ары қарай ойланамыз деп айтады. Осыйлайша жігіт киімдерін жинап жол жүруге шығады. Күнге күймес үшін қалпағы мен көзілдірігін киіп алады. Үйінен біржолата кетіп бара жатқан оған ауыл адамдары қарап тұрады. Интернатта Джеремиге барлығы таңқала қарайды. Асханаға келгенінде бір топ бұзық жігіттер оның үстеліне отырып, тиісе бастайды. Топтың лидері Мич өзінің бұл жерде қожайын екенін ескертеді. Ол жаңадан келгендер мұрнының ұшына қасық қойып отыруы тиіс деп қалжыңдағысы келеді. Бірақ Джереми бұдан да күшті нәрсе көрсетті. Ол қасықты сүртіп үстел үстіне қоя бергенде асханадағы барлық қасық бір жерге магнит секілді жабысып қалады. Тамақтары беттеріне шашырап, түк түсінбей қалған жастар шошып кетеді. Кешке жұмыстан үйіне келген Шериф есіктің алдында көптен бері араласпай кеткен баласын кездестіреді. Суық қана амандасып, жатын бөлмесіндегі әйеліне барады. Ол ауыр дертке шалдығып, бірнеше айдан бері ес-түссіз жатқан болатын. Жігітті медициналық тексерістен өткізген дәрігер оның дені сап-сау екенін хабарлайды. Шашының жоқтығы мен терісінің ақтығы өмірде кездесетін жайт екенін айтады. Алғашқы оқу күні де келіп жетті. Джереми мектепте интернаттағыдай күй кешеді. Ол тесіле қараған оқушылар мен саусағын нұсқап, сыбырласқан адамдарды елеместен жүріп өте шығады. Физика сабағында токтың бірінші нүктеден екінші нүктеге берілетіндігі жайында айтылады. Бір кезде түсініксіз құбылыстар болып, заряд тұп-тура жігітке соғады. Мұғалім құрылғыны сындырмайынша, ол қозғала алмай қалады. Бірден ауруханаға жеткізіледі. Мұнда барлығы жиналып, болған жайтты айтып жатады. Бұдан соң Джереми басы ауған жаққа қарай кетіп

Похожие видео

Показать еще