5 МЫҢ БАТЫЛ ЖАУЫНГЕР БЕКІНІСТІ 88 КҮН 200 МЫҢ ЖАУЫЗ САРБАЗДАН ҚОРҒАЙДЫ / Кино Әлемі / Кино Шолу кз HD
#киноәлемі #киношолу #казакшакино Кино Әлемі / Кино Шолу / Кыска шолу Фильм: Великая Битва (2018) Сәлем достар, Кино Әлемі арнасына қош келдіңіздер! Лайк басып арнаға тіркелген жандарға алғысымды білдіремін. Қытай императоры Тай Дзун Кореяға басып кірмекші. «Соғыс құдайы» атты лақап аты бар императордың жоспары ауқымды. Мұны білген Корея әскерінің генералы қытайлықтарды талқандау үшін 150 мың жауынгерін қарсы аттандырады. Император әзірге жағдайды бақылап отырады. Сол-ақ екен, тұтқиылдан қытайлар шабуыл жасап, Кореяның генералы Йонды артқа шегінуге мәжбүрлейді. Осы кезде қытайлықтар кореялық көріпкел әйелді тұтқынға түсіреді. Медиум болашақты болжай алады және әлдебір садақты қасиетті деп санайды. Қолбасшылар өзара ақылдасып, қамалды басып алуды жоспарлауда. Қамалдың жаңа нысана екенін корея императоры да болжап отыр. Ол Самулға сатқындық жасаған Янды өлтіріп, астанаға оралуын тапсырады. Самул жолға шыққанда екі жауынгерді кездестіріп, олардан командирге апаруын өтінеді. Бірақ жолаушыларға Ян кезігіп, күзетшілері аттарды тексерген соң олардың тыңшы екенін біліп қалады. Самул ғана басып алушылардан қашып келе жатырмын деп сендіріп, аман қалады. Енді Ансиге көмектескісі келетінін айтады. Оны байлап, қамалға әкеледі. Қамалдың арғы жағы кішігірім қала болатын. Олар келгенде төбелес болып жатыр екен. Ян барлығын сабырға шақырды. Ян Самулға генерал Йонның өзін сатқын деп санайтынын жақсы білетінін айтты. Біраздан соң Самул Янды аңдиды. Ол бір отбасыға келеді. Онда жаңа туылған сәбиді Янның атымен атап жатыр екен. Осы кезде халықтың Янды жақсы көретінін түсінеді. Ертесіне Самул Чуннан Янның кім екенін сұрайды. Ол елінің Янды шынымен қадірлейтінін растайды. Сонымен жауынгерлерге қытайлық әскерден хабар жетеді. Бұл жуық арада шабуыл болатынын білдіреді. Демек дайындық жасаудың кезі келді. Ян Самулға сақалын алып беруді өтінеді. Осы сәтті пайдаланып, мойнын қырқып тастауға болатын еді. Бірақ, бастығы берген тапсырманы орындауға дәті бармайды. Дегенмен Ян Самулдың мұнда өзін өлтіруге жіберілгенін түсініп қояды. Миссияны орындауға әлі уақыт болады деп шығып кетеді. Содан соң олар қарсыластарына тойтарыс беруге аттанады. Жаудың саны бұлардан бірнеше есе көп болып шықты. Ян өз әскерін рухтандырады. Сөйтіп алғашқы соққы да болды. Алайда олар қамалды бұза алмайды. Корей садақшылары өте шебер болғандықтан қытайлықтардың қатарын біраз сиретіп тастайды. Олар қамалды бұзса да, кезекті қақпанға түсті. Осылайша қытай императоры кейін шегінуді бұйырды. Шайқастан соң Самул Янның денесінен түрлі тыртықтарды байқайды. Ол Самулды өлтірмейді. Өйткені, оның көзін жойғанмен орнына басқа тыңшы келетіні белгілі. Самул қанжарын Янның мойнына тақап, неге Йонның бұйрығына құлақ аспағанын сұрайды. Сонда Ян Йонның тапсырмасын орындауға міндетті емес екенін, тек осы жерді қорғау үшін жүргенін айтты. Егер ол әскерін Йонға жібергенінде, бұл қамал әлдеқашан құлар еді. Түн ортасында 2-ші шабуыл да басталды. Ян Самулдың сатқындығын байқады. Бірақ, оны тоқатып, алдымен шайқаст
Похожие видео
Показать еще