Қорғастағы былық! Қытаймен шекарадағы заңсыз әрекеттерге бас прокуратура тексеріс бастады HD
Алматы облысындағы Қорғас кеден бекетінде әлі күнге дейін 10 мыңнан аса жүк көлігі Қытай жаққа өте алмай, кезекте тұр. Өңірге іс-сапармен барған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, көліктер «Евротранзиттің» электрондық кезегін күтуде. Ал Қытайдан тауар тасымалдайтын саудагерлер «Евротранзит» ауадан ақша жасап жатыр деп ашулы. Әріптесім, Самал Қабышева Қорғас бекетіндегі жағдайды өз көзімен көріп келген еді. Салтанат Нұрәлиқызы 11 жылдан бері брокерлік кәсіппен айналысады. Яғни, Қытайдан Қазақстан арқылы Өзбекстанға тауар жеткізеді. Оның сөзінше, «Евротранзит» компаниясы кеден бекетінде жұмысын бастағалы жағдай күрт қиындап кеткен. Олар "ауадан ақша жасап отыр" деген Салтанат әр камазға, одан бөлек тіркемесіне жалпы 4,5 мың долларға дейін ақша төлейтінін айтады. САЛТАНАТ НҰРӘЛИҚЫЗЫ, Брокер: – 3950 доллар Евроттанзитке и 450 доллар прицепке. До «Евротранзита» все была в порядке. Все работала по закону. 1,5 года наша граница получается маленький отрезок земли превратился в частную собственность. «Евротранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүк көліктерін электронды кезекке тұрғызып, машиналарды кезегімен шекаралық аймаққа өткізу үшін құрылған болатын. Ал Қорғастағы кеден бекеттеріндегі жағдайды өз көзімен көруге арнайы келген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл жердегі заңсыз әрекеттерге бас прокуратура тексерісті бастағанын айтты. ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ, ҚР Қаржы министрі: – Мемлекет басшысы үлкен жиында Қорғастағы кеден бойынша және жалпы Қытаймен шекарадағы мәселелерді көтерген болатын. Яғни, операциялардың ашық жүргізілмеуі, Қытаймен екі ортадағы статистиканың тым алшақтығы және де миллиардтаған қаражаттың бюджетке түспей жатқандығы сын айтқан болатын. Алматы облысының жалпы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орнынан алынды. САМАЛ ҚАБЫШЕВА, тілші: – Сондай-ақ, министр үлкен тексеруден бөлек, кадр мәселесін де өзгерістер күтіп тұрғанын атап өтті. Яғни, «Құрғақ порт», «Нұр жолы» сынды кеден бекеттеріндегі басшылық құрам ауысады ма, әлде толықтай өзгере ме ол уақыт еншісінде. Ал Қытайдан тауар тасымалдап жүрген қарапайым халықтың бар пікірі «Евротранзиттің» жұмысын толықтай тоқтатқандығы. Самал Қабышева, Мерей Толқынов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Қорғас #Шекара #кедендік_бақылау #тексеріс