Премьер-министр Асқар Мамин вакцина салғызуды міндеттеуді ұсынды HD

29.06.2021
Қазақстанда коронавируспен ауырған науқастар саны көбейіп барады. Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана емес, еліміздің батысында да жұқпалы індетке шалдыққандар саны өскен. Оcылайша қазір Қазақстан қызыл аймақта тұр. Ал 11 маусымнан бастап тек елорданың өзінде ғана бір тәулікте вирус жұқтырғандардың саны екі еседей 350 ден 620 адамға жеткен. Енді "Рамада Плаза" қонақ үйіне 500 адамға шақталып төсек-орын дайындалған. Қазірдің өзінде ол жерде 90 адам емделіп жатыр. Елордадағы инфекциялық стационарларға соңғы бір тәулікте ковид анықталған 200-ге тарта науқас жатқызылған. АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ, тілші: – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой толық вакцинацияны 1 миллион 954 мыңнан астам адам алғанын айтады. Әсіресе, өткен аптада екпе алушылардың қатары көбейіпті. Мысалы Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан астам азамат вакцина салдырса, елордада екпеге келетіндер 5 есе көбейіп, тәулігіне 7 мың адамға жеткен. Нұр-Сұлтанда енді сауда және ойын-сауық орталықтары сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді. Өйткені күн сайын науқастар көбейіп келеді. Бірақ, республика бойынша вакцинация қарқыны төмен, сондықтан үкімет басшысы Асқар Мәмин қызмет көрсету мен білім беру саласының жұмысшыларына екпені міндетті түрде салғызуды ұсынды. АСҚАР МАМИН, ҚР Премьер-министрі: – Шамамен екі миллионға жуық адам екпе салдырды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейту керек. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Екібек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакцинациялауды енгізу қажеттігі айқын. Әкімдер соңғы аптада халықты жаппай вакцина алу үшін түрлі ұтыс ұйымдастырып жатыр. Атырау облысының әкімі бүгіннен бастап сауда ойын-сауық орталықтарында екпе алғандарға ақшалай сертификат, түрлі сыйлықтар береміз деді. Маңғыстау облысының әкімі де екі бөлмелі пәтер, смартфондар мен тоңазытқыштар ойнататындарын айтты. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші – Ал еліміздің солтүстігінде 116 мың тұрғын екпенің бірінші компонентін, 70 мыңға жуық адам екпенің екі компонентін алған. Бұл облыс тұрғындарының небәрі жиырма пайызы ғана. Вакцина алуға міндеттеуге қарсымыз деген кейбір белсенділер петиция дайындап тұрғындардың қолдарын жинап жатыр. Әзірге тек жүзден артық адам қол қойыпты. АЛЕКСЕЙ МИТРОГАНОВ, тұрғын: – Бізге түсіндіруін талап етеміз. Қай вакцинаның құрамында не бар? Оны қандай адамдар ала алады, қайсысына алуға болмайды. Соның бәрін түсіндіріп, сендіру керек. Екпе алыңдар немесе жұмыстан шығарамыз дегенді естігеннен кейін бәрі қорқа бастады. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. АНДРЕЙ АНДРЕЕВ, тұрғын: – Қол қойып жатқандардың көбі 20 мен 30 жастағы жас отбасылар. Олар балаларды да екпе алуға міндеттейтін болады дегенді естігеннен соң петицияны қолдап жатыр. Өйткені өз балаларының болашағына алаңайды. Екпе алу әркімнің өз еркі болу керек қой. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші – Осындай орындар қаланың 11 жерінде орналасқан екен. Белсенділер 1 ай бойы тұрғындардан қол жинап, Үкімет пен Бас прокурорға жолдамақшы. Ал үнді штамы таралғаннан кейін қызыл ай

Похожие видео

Показать еще