ҰШАҚ АПАТЫ: ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫН БАСТАДЫ HD
Ішкі істер министрлігі Алматы түбінде болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ведомство сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Соңғы мәлімет бойынша, Алматы маңындағы Қызылту ауылындағы әуе апатынан 15 адам көз жұмған. Олардың қатары әлі артуы мүмкін. Себебі, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Түрлі дене жарақатын алған 24 адам ауруханаға жеткізіліпті. Оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 1 мыңға жуық адам мен 70 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдемнің 33 бригадасы көмек көрсетуде. Осыдан бірер сағат бұрын Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі болды. Асқар Мамин бастаған комиссия мүшелері оқиға орнына келді. Кей ақпаратқа сенсек, бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған. Айта кетейін, апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы "Бек Эйр" компаниясына тиесілі әуе көлігі. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан болатын. Көкке көтерілген кезде биіктігін жоғалтып, бетон қоршауға соғылыпты. Артынша 2 қабатты жер үймен түйіскен. Абырой болғанда, баспанада ешкім болмаған. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ұшақ көкке көтерілген бойда, шамамен, таңғы сағат 7-лерде радардан жоғалып кетіпті. Біздің сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness https://inbusiness.kz/ru/tv - Бизнес жаңалықтарын тарататын қазақстандық мультимедиялық тұңғыш "Atameken Business" арнасының Онлайн көрсетілімі. Эфирде сараптамалық бағдарламалар, нарықтың беталысы мен дамуына қатысты болжамдар, мамандардың түсініктемесі, сараптамалық тұрғыдағы пікірлері мен көзқарастары. Atameken Business қонақтары бұл өз саласының жетекші мамандары, бизнесмендер, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйым өкілдері. Наш сайт - https://inbusiness.kz Facebook - https://www.facebook.com/ atamekentv.kz Instagram - https://instagram.com/atameken.business/ ВКонтакте - https://vk.com/abctvkz Telegram - https://t.me/atamekenbusiness https://inbusiness.kz/ru/tv - Онлайн трансляция первого казахстанского мультимедийного канала новостей бизнеса - "Atameken Business" Смотрите в эфире аналитические программы, прогнозы развития и поведения рынков, комментарии специалистов и экспертные оценки. Гости Atameken Business это ведущие эксперты своих областей – бизнесмены, руководители предприятий, представители государственных органов, лидеры общественного мнения #AtamekenBusiness #Atamekentv #Атамекенжаңалықтар