Қазақстанның Ұлттық қор жинақтары азайып келеді HD
Биыл елде 2 ет комбинаты мен 5 бірдей құс фабрикасы салынады. Премьер-министр Асқар Мамин Парламенттің бірлескен отырысында осылай деп мәлімдеді. Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. 29 негізгі тауардың 11-і 100% өзімізде өндіріледі, ал 12 тауар бойынша 80%-ін қамтамасыз етеміз. Қалғаны сырттан тасымалданады. Қазақстан азық-түліктің 6 түрін сырттан тасиды. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер кейде тапшы болып, қымбаттап кететіні сондықтан. Соның бірі – қант. Тауық еті де солай. Құс фабрикаларының аздығы сыртқы нарыққа тәуелділікке әкеліп отыр. Министрлер кабинеті «бұл мәселені 2024 жылға қарай толық шешеміз» дейді. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW Біздің сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
Похожие видео
Показать еще