Қолдарына қап ұстаған министрлер елорда маңын қоқыстан тазартты
Жұмыс портфелін тырмаға, ресми костюмдерін ыңғайлы киімге ауыстырып, қолдарына қап алып жаппай сенбілікке шыққан министрлер елорда маңындағы өзен жағалауын қоқыстан тазартты. Сенбілікте күнделікті жиындардан көріп көз үйреніп қалған Сапарбаев, Біртанов, Абаевпен бірге вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова мен премьер-министр Асқар Мәмин де болды. «Бірге - таза Қазақстан» атты экологиялық акцияға Үкімет мүшелерімен қоса бес мыңға жуық ерікті демалыс уақытын қиып үлес қосты.