Олимпиададан Жеңілген Боксшы Өзіне Қол Салды! HD
Бәріңізге Ассалаумағаликум, Токио төрінде өтіп жатқан олимпиадаға кімнің күші, кімнің мысы мықты деп салмақтап жүріп апарған спортшыларымыз үсті-үстіне ұтылып жатыр. Әсіресе ерекше үміт артқан боксшыларымыз бетімізді жерге қаратты. Екі күнде бес бірдей былғары қолғап шеберіміздің жарыс жолынан шығып қалуы дегеніңіз нағыз қасірет емес пе?! Бұрын алған жүлделерінің буы қысты ма, әлде, өз елімізде жүріп өзгеге жалтақтаудан жігері жасып қалған ба әйтеу үмітті ақтамады. Жалпы спортшыларымыздың білгенінен жаңылып, жүлдеден қағылуына жемқорлықтың қатысы бар ма? Олардың бағын байлаған кімдер? Біздегі спорт саласы салафизмнің шырмауына ілінген бе? Ермахан Ибагимов ұлттық командаға бапкер боп барса бірнәрсе өзгере ме? Мұны сізге білген дұрыс Ардақты ағайын видеоны көрмес бұрын төменге түсіп подписаться деген қызыл тетікті басып және қасында шыққан қоңыраушаны баса салыңыз. Біз сіздерге маңызды, өзекті һәм қызықты ақпараттарды ұсыну үшін тынбай қызмет ете береміз. «Егер Олимпиада бағдарламасында билікке өрмелеу, құрғақ уәде беру, көзбояу, жағымпаздық пен жемқорлық эстафетасы, қарсыласыңды "балақтан тарту" деген сияқтылар болса, бүкіл медаль қазақтардікі болар еді. Олимпиада құрамасын Nur-otan партиясына мүше министрлер мен әкімдерден жасақтай саламыз». Жомартбек Нұрман есімді бір азаматтың күйіп кеткенде айтқаны бұл. Қарап отырсаң сөзінің жаны бар. Сырын айтамын деп шынын айтып қойды дегенде осы болар. Ал алаулатып-жалаулатып, Президент қабылдап батасын беріп Токиоға аттандырған спортшыларымызға көз тигендей. Қанжығамызды майлата алмай жатыр. Журналист Ришат Тұрғанбай айтпақшы Токиода тоңқалаң асқан Левит! Біз жерге құлған Левитті жазғырамыз. Жоқ бұл боксшының кінәсі емес. Девиттің нокауты, бүтін қазақ боксының нокауты! Сірә біз неден мүлт кеттік? Спортшыларымыздың дайындығы соншама нашар болғаны ма? Қазақстан спортын жемқорлық жайлап алғаны шын ба? Оғландрымыздың ұтылып жатқанын көргенде спортқа жанашыр әр қазақты осындай сұрақтар мазалағаны анық. Мұның жауабын көпшілік саясаттанушы, сарапшы Нұрмұхаммед Байғараевтың жазғандарынан оқып, білді. Енді соны сіздерге біз жеткізейік. Бәрін сонда түсінесіз. Ойланасыз. Шыны керек, Олимпиадада спортшыларымыз "қирап" жатыр. Әр жарты сағат сайын "жеңіліп қалды", "өнер көрсетуден бас тартты" дегенді оқи беріп, көңіліміз құлазып кетті. Бір сөзбен айтқанда, отандық спортта дағдарыс деп бастаған әңгімесін Байғараев. Себеп неде? Маман емеспін. Жанкүйер ретінде ойымыз деп көрген-түйгенін былай баяндайды ол. Пекин Олимпиадасына дейін Кеңес спорт мектебінің лебімен, соңғы тұяқ жаттықтырушыларымен әупірімдедік. Кейін Лондонға шеттен легионер әкеліп, жылдам нәтиже көрсетуге тырысты. Өйткені сондай елміз, бізге жүйе, стратегия, процесс маңызды емес. Тек нәтиже керек. Ұзақ шыдай алмаймыз.... Большевиктерден қалған әдет-ау....Бұл аздай, бар ақша футболға жұмсалады. Облыстарда спорт саласына бөлінетін қаржының 80-90 пайызы жергілікті клубқа кетеді. Одан көгерген футболды көрмедік. Қалған 10-20 пайызды басқа облыстық фед
Похожие видео
Показать еще