Жер кімдікі? Заңды түрде жер алып, үй соққан тұрғындар енді ештеңесіз қалуы мүмкін HD
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округінің жүзден астам тұрғыны бүгін жерімізді сот бұғаттап тастады деп бас көтерді. Іргеліліктердің сөзінше тұрғындар мұндағы жерлерін 3 жыл бұрын сатып алып, үй салып ала бастаған. Құжаттары түгел. Енді үйлі-жәйлі болдық па дегенде төбелерінен жәй түскендей болып отыр мұндағылар. Себебі Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақ қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы басшыларының үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр екен. Үйткені саудаға түсе бастаған 9 гектар жер осыған дейін Қыздар университетінің балансында болған екен. Іргелі ауылдық округінің іргесіндегі "Таңдаулы сенім" кооперативі тұрғындары төрт күннен бері таңдарын осындай талқылаумен бастап жүр. Себебі өз ақшаларына сатып алған жерді заңсыз басып алынды делініп іс сотқа жөнелтілген. АСЫЛБЕК БЕКМҰРАТОВ, Тұрғын: – Төрт күн бұрын бізге белгілі болды осы бір соседымыз жерін сатайын деп барса, сендердің жерлерің аресте тұр. Қандай себеп деді, жібереміз деген. Постановлениесін жібереді сүйтсе ол Жемпидің жері болған. Қарасай ауданы оны сатып жіберген. Содан кейін қазір былай ойланып қарасақ не біздің жер емес, не Жемпидің жері емес, не Қарасай ауданының жері емес. НҰРГҮЛ ЗАКАРЬЯНОВА, Тұрғын: – Мына халықтың бір грамм қатысы жоқ бұл сотқа. Біз не үшін осылардың тірлігі үшін страдать етуіміз керек? Міне халықтың бәрінің қолында түгел заңды документтері бар. Гос актісі де бар, разрешение на сторительство да бар, бәрі бар. Бірақ тоқетеріне келгенде біздің бұл қағазымын анулированный болып қалуы мүмкін. Осылай деген тұрғындар тайлы тұяғымен Қарасай ауданы әкімдігіне барды. Тіпті олар үш күн бұрын бейбіт митинг өткіземіз деп әкімдікке хабарлама беріп те үлгерген екен. Әкімдіктегілер жиналғандарды басқа жаққа жібермек болды. Елдің қайтпасын білген соң басқаша ұсыныс жасады. ӘСЕТ НҰРЕКЕНОВ, Қарасай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы: – Айтып жатқанымыз аудандық акиматтың үлкен мәжліс залына кіріңіздер. Үлкен мәжіліс залында ауданның әкімі Жандарбек Далабаевтан басқа жерге жауапты шенділердің бәрі жиналды. Тұрғындар өздерінің сұрақтарына қанағаттандырар жауап ала алмады. Себебі "Таңдаулы сенім" кооперативіндегілер алдын ала сұратқан сатылып кеткен жерлерді тұтынуға беруге қатысты қаулының өзі де көшірмесі де жоқ болып шықты. Әкімдіктегілер құжатты жемқорлықққа қарсы күрес агенттігіндегілер алып кеткенін жеткізді. Ал аудандық жер қанытастары бөлімінің басшысы жерді пайдаланымға беруге өздерінің тікелей қатысы бар екенін ашық айтты. АЗАМАТ БОЛУБАЕВ, Қарасай ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы: – Енді саяжай жері болғаннан кейін аудан әкімі қол қояды. – Аудан әкімі? – Оның алдын ала бірақ та жұмыстары бар ішіндегі ол жер земпроектісі жасалынады. – Сот шешеді, анық болады. – Қалай сонда, сіздер қаулы шығарасыздар, жерді пайдалануға бересіздер қалғанын сот шешеі ма сонда? Халық сатып алады ақшасына. – Бұл жерде ответчик біз де болып тұрмыз негізі акимат болып тұр. – Сіздер де жауа
Похожие видео
Показать еще