Ене мен күйеу бала 7 жастағы балаға таласып жүр
Бір баланы бөлісе алмаған ене мен күйеу бала 3 жылдан бері соттасып жүр. Сәбидің әкесі Асқар Райыс туған баламды үш жылдан бері көрген жоқпын деп отыр. Бүгін Ақтөбе облыстық сотында судья Әлімбаева отбасылық дауға қатысты апелляциялық шағымды қарады. Қалалық соттың баланы әкесіне қайтару керек деген 2012 жылы шыққан шешімі әлі орындалған жоқ. Сот шешімімен де баланы қайтара алмаған әкесі тағы да арызданған. Баланы бөлісуге қатысты соттың бұл 15-ші отырысы. Бірнеше мәрте азаматтық және қылмыстық іс қаралған. Істің мән-жайына келсек. Екі жұп үйленеді. Бала сүю бақытына бөленеді. Бірақ, уақыт өте келе өзара келісе алмаған жұбайлар бала бір жасқа келгеннен бастап бөлек тұрған. Сәби 1,5 жасқа толғанда анасы қайтыс болған. Балаға талас сол кезде басталды. Мария мен Асқардың некесінен туған 7 жасар Дамирдің тағдыры осылайша таласқа түсті. Асқар әйелі тірі кезінде баланы көріп тұрғанын айтады. Олар заңды түрде ажыраспаған. Сондықтан 15 сот отырысына жалғасқан отбасылық дауды шешу судьяларға да жеңіл тиген жоқ. Бүгін облыстық сот өз шешімін айтты. Дамир тағы 1 жыл нағашыларының қасында қалатын болды. Бала әкесімен қауыша ма, жоқ па ол бір жылдан кейін белгілі болады.
Похожие видео
Показать еще