#ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК HD

11.04.2020
#ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК "Әділ биі болмаса-бірлігі кеткен ел ғаріп, Қадірін елі білмесе-қайратты туған ер ғаріп". Әділ заң-тірегің. Сол тіректің жоқтығынан 23 жасар ақтөбелік азамат ӨТЕПБЕРГЕН ӘЛІБИ қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-тармағымен шығарылған үкім бойынша 10 жыл бас бостандығынан айырылып отыр. 2019 жылдың шілде айында елордалық студент Әліби Өтепберген демалысқа үйіне келіп, “Ақбөбек-Восток” балалар лагеріне жетекші болып жұмысқа орналасқан. 21 шілде күні Әлібиді 7-отрядтың жетекшісі етіп тағайындайды. 25 шілде күні балалар тәртіп бұзғандықтан, жетекші оларға “дискотекаға бармайсыңдар” деген жаза қолданады. Дәл сол күні кешкісін балалар ата-аналарына телефон соғып, “бізді қамап қойды", "күнде бізге тиіседі", "ұятты жерлерімізден ұстап, душка бізбен бірге шешініп түседі” деп жалған ақпарат айтқан. Ұялы телефон балалардың күнде қолында болды. Бірақ, сондай әрекет жасалған болса, қорлық көрген бала 1-ші күні-ақ айтар еді. Алайда, тек дистокетаға жіберілмеген күні, дәл сол сәтте ата-аналарына хабарласады. Бұл – нағыз бала фантазиясы. 7 баланың ата-анасы Әлібидің үстінен арыз жазады. Алайда, қылмыстық іс қозғалғанда ата-аналардың жартысы арыздарын қайтарып алады. Тексеру нәтижелері бойынша білім бөлімінің мамандары ер адам оқушылармен ортақ тіл таба алмады деп мәлімдеді. Кек алмақ болған балалар қамқоршы туралы ата-аналарына шағымданады. Алайда, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғайды. Сот ісі бір жақты ғана қаралған. Сот шешімі ешбір дәлелсіз, тек балалардың сөзі мен ата-ана арыздары негізінде жасалды. Балалардың берген жауабы негізінде лагерь төңірегіндегі видеокамералар да қаралды. Ешбір айғақ табылмады. Сот айыпталушы тарапының дәлелдеріне құлақ аспай, көзін тарс жұмып отыр. Біз кешегі билеріміз салған адалдықтың сара жолымен құрылған соты бар елміз. Ендеше, әділдік қайда?! Жастар-еліміздің ертеңі. Ендеше елі ертеңін әділетсіздік құрбаны етіп, темір торға тоғытып жатса, болашақ бұлыңғыр болмақ. Біз әділдікті талап етеміз! Әлібидің әділетсіздік құрбаны болуына жол бермейміз! Әліби ісі қайта қаралсын! Әділ шешім шықсын! Топ старостасы болған жап-жас талантты жігіттің бала фантазиясы мен бала ойы негізінде жазылған ата-аналар арызының құрбаны болуына түбегейлі қарсымыз!

Похожие видео

Показать еще