СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ЖІГІТ ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ. ПОЛИЦИЯ ІСТІ НЕГЕ СОЗЫП ЖҮР? HD
Біз Жаңа Қазақстанда әлі де ескі әділетсіздіктер болып жатқанына сенгіміз келмейді! Біз қоғамда ұлтаралық араздық тудырғымыз келмейді! Біз өзіміздің құқық қорғау органдарының объективтілігіне сенген соң да, бұл іс бойынша жәбірленушілер шағым айтып келгенде сабырлыққа шақырып, нәтижесін күткен едік! Дегенмен, арада өткен жарты жыл өзге шындықтың барын дәлелдегендей! Қысқасы, оқиға былай. 25.05.2022 ж Қаскелең қаласының тұрғыны Нұрғали Қуандықов есімді азаматты және оның екі ағасын көрші көшедегі 30-ға жуық өзге ұлттың өкілі топталып келіп соққыға жығады. Жәбірленуші тарап сол күні барлық мед.сараптамаларды жасап, Қарасай аудандық ПБ арыз жазады. Дегенмен, жәбірленушінің тәжірибелі қорғаушысы полиция басқармасы тарапынан ешбір тергеу амалдарының қозғалмағанын мәлімдеді. Біз барынша, тағы да осы ұлтараздық тудырмау үшін ол видеоүндеуді асқан мұқияттылықпен, тамыз айында жариялаған едік. Ондағы ойымыз: жергілікті полиция мен прокуратура жағдайды назарға алып, істі сотқа жіберер деген үміт еді. Бірақ, сенсеңіз де сенбесеңіз де, нақты айғақ-дәлелі тайға таңба басқандай көрсетілген іс әлі сотқа жетпеген! НЕГЕ? Әлде бұған түрлі оқиғаларға байланысты болып жатқан Қарасай АПБ-ғы басшылықтың ауысулары себеп пе? Әйтеуір, мәселені жазықты тарап ақшамен шешіп, тергеушінің аузын жаппаған шығар? Бөріктінің намысы бір деуші ме еді? Жергілікті полицейлер ақша үшін ардан аттамаған болар? Бұл пост жаңа тағайындалған Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығының назарына ұсынылған сәлемдеме болсын. Облыс департамент және облыстық, аудандық прокуратура назарға алса екен. Ал, біз өз тарапымыздан жерлесіміздің жағдайын, істің қалай болғанын барлығын сипаттайтын сюжет дайындайтын боламыз. Ол жерде бәлкім біреулердің шамына тиетін, бәреулердің беделіне әсер ететін шындықтар айтылуы мүмкін!
Похожие видео
Показать еще