СЫНЫПТАСТАРЫНА КҮЛКІ БОЛҒАН ЖІГІТ 10 ЖЫЛДАН КЕЙІН АДАМ СЕНГІСІЗДЕЙ ӨЗГЕРЕДІ HD

12.08.2022
Бәріңізге сәлем достар сіздермен Азғантай шолу арнасы. Бүгін мен сіздерге 2005-жылы шыққан "Просто друзья" атты фильмді қысқаша айтып беретін боламын. 1995-жыл. Нью Джерси. Крис Брендэр есімді жігіт мектепті бітіруін тойлауға дайындалып жатып өзінің махаббаты Джеймиге хат жазып отырады. Хаттың ішінде "мен сенімен жайғана дос болғым келмейді" деп жазылады. Келесі күні кеште Крис өзінің достары Кларк пен Дарланы кездестіреді. Ол екеуі Кристің құрбысына сөз салуына тілектес болып оны қолдайды. Джейми Кристі көргеніне қуанышты болып оған қарай жүгіреді. Крис Джеймиге сөз салайындеп отқан кезде әр адам келіп оған маза бермей қояды. Мысалы Дасти Джеймиге арнап өлең айтуға келеді. Одан кейін Джейми Криске сыйлық беріп "Мәңгілік достық" дейтін жазуы бар футболканы киуін сұрайды. Осылайша Крис құрбысына өз альбомын береді. Джейми оны оқып отқанда Крис басқа альбомды бергенін түсінеді. Яғни бұның алдында бөлмеге кірген футболисттің альбомымен шатастырып алған. Крис альбомды алуға барғанда басқа бала бәрінің көзінше Джеймиге арналған хатты оқып отырады. Осылайша бәрі Кристі мазақтай бастайды. Ал бұны көрген Крис шыдай алмай кетіп қалады. Бірақ Джейми оны тоқтатып ондай хатты ешкім жазбағанын айтып "маған сен ұнайсың бірақ дос ретінде" деп айтады. Осыны естіген Крис ашуланып өзінің сыныптастарына қалай өзгеретінін айтып, велосипедін алып кетіп қалады. Арадан 10 жыл өтті. 10 жыл бұрын сыныптастарына күлкі болған Крис Лос-Анджелесте өмір сүреді және ол қатты өзгереді...

Похожие видео

Показать еще