Елімізде жеті жылдан кейін электрэнергиясының тапшылығы туындауы мүмкін HD
Елімізде жеті жылдан кейін электрэнергиясының тапшылығы туындауы мүмкін. Экономистер елдегі тоқ өндіретін стансаларды тезірек жөндеп, баламалы энергия шығаратын құрылғыларды көбейтпесе, 2028 жылы-ақ халыққа жарық тиісті деңгейде берілмейді деп дабыл қағып отыр. Сондықтан, әлеуметтік ғимараттарда қазірден бастап газбен жұмыс істейтін генераторларды дайындап қою керек дейді. Электр энергиясының тапшылығы былтыр Оңтүстікте қатты білініпті. Биыл да қыс суық болса, халыққа жарық жетпеу қаупі бар екен. Маманның сөзінше, тұрғындарды тоқтан тарылтпау үшін қолдан келген амалдың барлығын жасау керек. Бірақ Екібастұздағы ГРЭС-2-нің үшінші бөлігін 14 жыл салып жатқанына қарағанда, мәселе жақында шешілмейтін секілді. ӘСЕТ НАУРЫЗБАЕВ, KEGOC AҚ Ұлттық диспетчерлік орталығының экс-президенті: – Тұтынушы саны жыл сайын өсіп келеді. Ал, электр энергиясын өндіру көлемі көбейіп жатқан жоқ. Самұрық энерго Екібастұзда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ ол да күмәнді. Өйткені көмірмен жұмыс істейтін станцияның құрылысын көп банк қаржыландырмайды. Қазақстанда электр энергиясының 70 пайыздан астамы көмір станцияларында өндіріледі. Яғни бұл жылу электр станциялары. Олардың да тозығы жеткен және алдағы уақытта біртіндеп істен шыға бастайды дейді мамандар. Өткен ғасырдың соңында салынған станцияларды қайта-қайта жаңартудан пайда жоқ екен. Оның орнына экологияға зиян келтірмейтін орталық құру керек деп отыр. АЛМАЗ САУХИМОВ, Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры: – Қазақстанның Оңтүстігінде бірнеше электр энергиясын өндіретін орталық салу жоспарланған. Сонымен қатар, баламалы энергияны да көптеп қолдану керек. Көмір станцияларынан бас тартып, жарықты табиғи жолмен алуымыз қажет. Жауаптылар электр энергиясын қажетті деңгейде өндіру жолын қарастырып жатқанда, тұрғындар тоқ тапшылығына дайын болу керек дейді мамандары. Әсіресе, әлеуметтік нысандар газбен жабдықталған генератор орнатулары қажет. Сондықтан алдын ала қамданған абзал екен. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық
Похожие видео
Показать еще