Елімізде демалыс күндері ауа райы тұрақсыз болады HD

18.09.2015
Бүгін еліміз бойынша ауа райы бірқалыпты жылы болды. Ал алдағы демалыс күндері қандай ауа райына дайын болуымыз керек. Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМҚ жетекші-инженер синоптигі -Алдағы демалыс күндері республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашынды болады. Кей жерлерде желдің күшеюі мүмкін және тұман бақыланады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0 градус шамасында болса, күндіз 10-15, кей жерлерде 18 градус шамасында болады. Ал батыс пен оңтүстік өңірлерде күндіз 20-25, кей жерлерде 28-32 градусқа дейін жоғарылайды. Ғани Өтепбайұыл, жүргізуші -Жақсы, ал тұрақсыз ауа-райы қашанға дейін сақталмақ? Ай соңында ауа температурасы өзгере ме? Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМҚ жетекші-инженер синоптигі -21, 22 және 27, 28 қыркүйекте Таймыр түбегінен келетін циклон әсерінен, республикамыздың оңтүстігі орталығы және шығыс өңірлерінде қоңыр салқын ауа райы болады және жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 5 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 7-13 градус шамасында болады.

Похожие видео

Показать еще