Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. HD
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар найзағай ойнап, бұршақ жаууы болжанады, желдің күшеюі күтіледі. Батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады. Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.
Похожие видео
Показать еще