Үш күнге арналған ауа райы болжамы

08.02.2013
Енді әр сейсенбі және жұма күндері «24 KZ» арнасынан «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамымен таныстыратын болады. Сонымен демалыс күндері еліміздегі күн райы қалай өзгереді? Жанат САТБАЛДИЕВА, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі: - Алдағы күндері Қазақстан аймағының басым бөлігіне суық антициклонның ықпалы сақталатындығына байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығыс және шығыс аймақтарында атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді. Түнгі уақыттарда тұман болуы ықтимал. Жолдарда көктайғақ сақталады. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа райы жауын-шашынсыз, түнгі температуралар 17-25⁰С аязды құраса, күндіз 8-15⁰С аяз шамасында болады. Ең суық аймақтар -- шығыс аймақтар. Бұл жерлерде ауа температурасы 23-28⁰С, кей жерлерде 35⁰С-қа дейін төмендесе, күндіз 15-23⁰С аяз шамасында болады. Елордамыз Астанада алдағы күндері жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ауа температурасы түнде 18-20⁰С аязды, күндіз 8-10⁰С аязды құрайды. Алматыда күн райы айтарлықтай жауын-шашынсыз. Түнгі температура 10-12⁰С аяз, күндіз 3-5⁰С аяз шамасында болады. Ауа-райы болжамы туралы толығырақ www.kazhydromet.kz сайтынан да біле аласыздар. Подписывайтесь на «Хабар 24»: https://www.youtube.com/c/tv24kz Наш сайт - https://24.kz Facebook - https://www.facebook.com/tvkhabar24/ Instagram - https://www.instagram.com/tvkhabar24/ Telegram - https://t.me/tvkhabar24 Twitter - https://twitter.com/tvkhabar24 Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Похожие видео

Показать еще