АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ. АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНЕ HD

03.12.2021
Алдағы демалыс күндері елімізде 20 градусқа дейін аяз болады. Синоптиктер 4-6 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Метеорологтардың мәліметінше, 4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін. 5-6 желтоқсанда Республиканың бірнеше облысында тұрақсыз ауа райы болуы ықтимал. Қар жауып, көктайғақ, тұман түсіп, солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Похожие видео

Показать еще